Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

1.1.1 теориясы: 0-1
1.1.1 теориясы: 0-1

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Expo 2017 / «Қа­зақстаным-Ғажапстаным» мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды

«Қа­зақстаным-Ғажапстаным» мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды

«Қа­зақстаным-Ғажапстаным» мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды

«Қа­зақстаным-Ғажапстаным» мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Сәкен Сейфул­лин мұражайының ұйымдас­тыруы­мен биыл жетінші мәрте өткізі­ліп отырған республикалық жыр мүшәйрасы ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне арнал­­­ды.

«Қа­зақстаным-Ғажапстаным» ай­­да­ры­мен жарияланған мүшәйраға еліміздің түк­пір-түкпірінен үлкенді-кішілі 50-ге тарта ақын қатысты. Ақындар аталмыш тақырыпты әр қырынан ашып, кеңінен толғауға құлаш ұрғанымен, көпшілігі діттеген жерден көріне алмады.

Қазылар алқасы дәмелі жырларды сараптай, саралай келе, 12 ақынды жүлдеге лайық деп тапты. Сонымен, көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара Салғара төрағалық еткен қазылардың шешімімен:

Бас бәйгені (2 миллион теңге) Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай «Қазақстан», «Рух жыры», «Қаратау» топтамасымен қанжығасына байлады.  

Бірінші орын (1миллион теңге) – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының тумасы Ықтияр Мырзақұловқа бұйырды. Қазақстанның басты-басты 21 қаласын жырға қосып, еліміздің келісті келбетін жарқырата аша білген, оқырманға көп таныла қоймаған жас ақын мүшәйраның жаңалығы болды.

Екі екінші орын (500 мың теңгеден) қызылордалық белгілі ақын Толыбай Абылаевқа «Жерұйық» толғауы, астаналық жас ақын Арман Шеризатқа «Астана» өлеңі үшін берілді.  

Алматылық Ғалым Қалибекұлы «Қазақстан мәңгілік махаббатым» топтамасымен, елордалық Олжас Қасым «Ебіней көрген ЭКСПО», аягөздік Ақаш Көксегенов «Менің алтын тірегім» толғауларымен (250 мың теңгеден) үшінші орыннан көрінді. 

Ал, Достық Тілеубер­генов (Қызылорда облысы, Қар­мақ­шы ауданы) «Көк туды сүйем», астаналық жас ақындар: Ұларбек Дәлей «Есіл бойын жаға­лата үй тіктім», Балтабек Нұ­рғали «Ел бақыты − Елбасы», Қуат Рахатұлы «Арман қала – Астана», Мұқият Қойшыбай «Гүл көмкерген Сарыарқа» өлеңдері үшін (150 мың теңгеден) ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Ақындарды марапаттау рәсімі 3 шілде күні «Жастар» театрында өтеді.

333 0
Рейтинг: +1

Фото: zanmedia.kz
Қосылған күні: 19 маусым, 14:03
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...