Ресми веб-сайт: www.ethz.ch
Орналасқан жері: Цюрих
Студенттер саны: 15 мың
Сипаттама: Цюрих техникалық университеті 1855 жылы құрылған. Бұл оқу орны әлемдегі ең мықты техникалық университет қатарында. Цюрих қаласындағы федералды политехникалық мектеп университет ретінде есептеліп қана қоймай, жоғары деңгейлі ғылыми-зертеу орталығы болып саналады. Ұлттық рейтингі бойынша, аталған жоғары оқу орны Швейцария еліндегі үздік университет болып саналады. Университет қабырғасында 20 Нобель сыйлығы лауреаты білім алған. Олардың ішіндегі ең атақтысы – Альберт Эйнштейн.
Факультеттер: өнер, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік ғылымдар, IT, әлеуметтану, медицина, химия, биология
Оқудың басталу кезі: қыркүйек
Әлемдік университеттер рейтингісі бойынша, аталған оқу орны 18 орынды иеленеді.
Оқуға қабылдау талаптары:
* IELTS 7.0, TOEFL 600;
* Орта білім туралы аттестаттың нотариалданған куәлігі;
* жас мөлшері минимум 18.
Оқу құны: әр семестрге шамамен 700 АҚШ доллары; шетел азаматтарына тіркеу төлемі - 115 доллар.
Жатын орын мен тамақтануға жылына шамамен 21000-23000 доллар аралығында қаражат жұмсалады.
Грант: Қазақстан азаматтарының "Болашақ" халықаралық бағдарлама орталығы арқылы алу мүмкіндіктері бар.
Сурет: enohe.ethz.ch, businessinsider.com