- Негізгі бет
- Еуропа
- Мальта университеті...
Мальта университеті
Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Мальта университетіне қабылдау ешбір емтихансыз тек орта білім аттестатына негізделеді. Сонымен қатар шетел азаматтары ағылшын тілі деңгейін куәландыратын сертификат ұсынулары қажет. Ағылшын тілін минималды білу деңгейі TOEFL ibt 61, IELTS 5.5.
University of Malta ресми веб-сайты: http://www.um.edu.mt
Сипаттама: Мальта университеті Еуропадағы ең ескі оқу орындарының бірі. Ол 1592 жылы Иезуиттер Орденімен құрылды. Ал 1578 жылы Рим папасынан философия, құқық магистрі және докторын тағайындау құқығын алды. Бүгінде Мальта университеті үлкен абыройға ие және оның дипломы әлем бойынша мойындалады. Университет қабырғасында 70-тен аса елден келген студенттер білім алады. АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия және тағы басқа елдермен отырған келісім-шарттарға сәйкес аталған ЖОО студенттері мен оқытушыларының басқа университтерге алмасу мүмкіндіктері бар. Университет көптеген университеттік ұйымның мүшесі: Community of Universities of the Mediterranean, the Compostela Group, the Santander network, the Utrecht network. Сонымен қатар, Мальта университеті NAFSA (Association of International Educatores) және CIEE (Council for International Educational Exchange) халықаралық ұйымдарының мүшесі болып саналады.
Мальта университетінде 11 мамандандырылған институт пен факультет бар.
Студенттер саны: шамамен 9 мың.
Бакалавриат мамандықтары: археология, шетел тілдері (ағылшын, француз, итальян, мальта), аударма теориясы, шығыстану, тарих, халықаралық қатынастар, әлеуметтану, философия, педогогика, қаржы, менеджмент, физика, химия, математика, информатика, инженерлік, құқықтану, компьютер ғылымдары.
Магистратура мамандықтары: дипломатия, философия, шетел тілдері, аударма теориясы, халықаралық қатынастар, физика, химия, математика, информатика, инженерлік, құқықтану, компьютер ғылымдары, экономика.
Оқу мерзімі: бакалавриат – 3 жыл, магистратура - 1,5-2 жыл
Оқу жылының басталуы: қазан, ақпан
Программа | Талап | 2012-2012 оқу жылындағы оқу құны (Евро)
|
Foundation Year | Аттестат, TOEFL ibt 61, IELTS 5.5 | 5 600 – техникалық ғылымдар және ағылшын тілі; Өмір сүру: €900 - 1’000 (айына) |
Бакалавриат, 3 жыл | Орта білім аттестаты TOEFL ibt: 89, IELTS 6.5
| 8 000 – 10 200 (AUC) |
Магистратура, 2 жыл | Профильді жоғары білім (бакалавриат), TOEFL ibt: 89, IELTS 6.5 | 10 200 - 13 600 25 000 - медицина 23 000 - стоматология
|
Мекендеу құны *: €800 - 1000 айына
* Мекендеу: Студенттер университет маңында студенттік пәтерлерде тұра алады. Әр пәтерде бірнеше жатын бөлме, қажетті жабдықтармен жабдықталған ас үй бар. Мекендеу құнында сонымен қатар төсек-орын жабдықтары және апта сайын үй жинастыру қамтылған. Студенттік пәтер топтамасына ресторан, шағынмаркет, кір жуатын үй, теннис корты, бассейн, ойын бөлмелері кіреді.
Сурет: yastudent.ru, worldarchitecture.org, arabnews.com
Ж. FM