Таймс газетінің субъективтік рейтингі бойынша, Лондон университет колледжі әлем университеттерінің ішінде 4 орында. Тіпті ұлы Оксфорд пен прогресшіл MIT-ті артта қалдырған. Бұл университет әлемдегі ең үлкен астаналардың бірі - Лондон қаласының қақ ортасында орналасқан. Ақсүйектер колледжі ретінде құрылған бұл оқу орны жынысына, діни көзқарастарына, әлеуметтік жағадйына тәуелсіз барлық білім алуға ынталы адамды қабылдайды. Бүгінде университет қабырғасында 140 мемлекеттен келген барлық студенттердің 40 пайзын құрайтын шетел азаматтары білім алуда. Университет түлектерінің ішінде өнертапқыш Александр Белл, Махатма Ганди, мүсінші Энтони Гормлиды ерекше атап өтуге болады.
Колледждің оқтыту жүйесі сол - студенттерді рационалды ойлауға баулып, нақты үлгіліерді қарастыру арқылы білім береді. Бакалавриат бағдарламасы лекция, семинар мен жеке консультация алуға мүмкіндік береді. Жалпы басымдылық топтағы студенттердің барынша аз болуына қойылады. Осылайша білімді игеру сапасын арттыру жолға қойылған. Сонымен қатар, әрбір білім алушының жеке эдвайзері болады.
Қабылдау мерзімі
Құжаттарды ресми қабылдау мерзімі 15 қаңтарға дейін, ал медициналық бөлімге 15 қазанға дейін.
Оқуға түсу талаптары
Ұлыбританияның барлық ЖОО-ларына ортақ порталы UCAS арқылы өтініш білдіру қажет. Бір мамандыққа сұраным білдіру £11, ал басқа бөлімдерге сұраным білдіргіңіз келсе £22 тұрады. Қазақстан азаматтарына орта білім алғаны жайлы куәлік көрсету жеткіліксіз.
Үміткерлерге қойылатын талап
Internet-TOEFL — 94 балл; IELTS Academic — 6,5, A-Levels — АBB, IB — 34.
Оқу ұзақтығы 3—4 жыл Жылына 24 000 cтудент 52академиялық бөлім
Алғашқы сынақтар
Медицина факультетіне түсетін үміткерлер BMAT (Biomedical Admission Test) емтиханын тапсырулары қажет. Ал құқық факультетіне LNAT (National Admissions Test for Law) сынағынан өту қажет.
Жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді университет ашық күніне шақырып, профессор, студент құрамдарымен таныстырады. Және де олар сұхбаттан беріп, тестілеу және жазба жұмыстарынан өтеді. Бұл кезеңде өзіңнің жеке қасиеттеріңді, потенциалыңды, болашақ мамандығыңа қызығушылығыңды көрсете білу керек. Шетел азаматтары сұхбаттан босатылғанымен, UCL өкілдері мүмкіндігінше ашық есік күніне келуді ұсынады.
Оқу құны
Гуманитарлық, әлеуметтік бағыттағы және де болашақ статистиктер мен юристерге 2011 жылы оқу құны £13 410 құрады. Ал ғылыми және инженерлік мамандықтарда (археология, архитектура, құрылыс мамандықтарын қосқанда) оқитын студенттер £17 560 төлейді. Ең қымбат мамандық болашақ дәрігерлердікі - £26 190.
ГранттарУниверситет әкімшілігі оқу үлгерімі жақсы студенттер үшін арнайы гранттарды да қарастырған. Бұл гранттардың ішіне жолға кететін шығындар мен азық-түлік шығындарын да қарстырған. Бұл туралы толығырақ университет сайтынан білуге болады.
КампусУниверситет қабырғасы Лондоннның қақ ортасында орналасқан. Бұл ғимаратта "Гладиатор", "Өліктің оралуы" секілді фильмдер түсірілгендіктен әлем бойынша ерекше танымалдылыққа ие. Кампус төңірегінде Royal Academy of Arts, London Business School и British Museum секілді басқа да мектептер мен институттар орналасқан.
Университет сонымен қатар онлайн оқытуды да қарастырған. Moodle платформасы арқылы мұғалімдер студенттің оқуы тиіс материалдарды салып тұрады. Кейбір ақпараттарды университетке қатысы жоқ адамдар да қарай алады.
Сурет: theoryandpractice.ru