Кембридж Университетінде білім алу мүмкіндіктері

Кембридж Университеті – әлемдегі ең көне және ең алдыңғы орында тұрған ЖОО-ның бірі. Мұнда білім беру 1209 жылдан бастау алып, бүгінде, 21 000 студент пен магистрант білім алуда. Соның ішінде 1300-ден астамы әлемнің 65 елінен келген халықаралық студенттерді қамтиды. Кембридж талапты, қолайлы оқу форматын ұсынады. Аталған Британдық Университет 2010 жылдық QS әлемдік рейтингі бойынша біріншілікті алған.

Халықаралық студенттерге қойылатын талаптар

Егер сіз Кембриджде білім алуға ниет білдіргіңіз келсе, сіз өз қатарластарыңыздың арасында ең үздік болуға тиіссіз. Сонымен қатар, оқыған сабақтарыңыздың барлығы үлгілі бағамен болғаны жөн.

Егер билингуалды қабілетіңіз әлде өзге де тәжірибелеріңіз жетіңкіремей жатса, халықаралық бакалавриат оқуына дайындау курсы арнайы сіздер үшін жұмыс істейді. Курстан бұрын қандай сабақтар оқыған болсаңыз да, негізгі бағытты дайындық курсында алатын боласыз. Егер нақты бір білім алу курсын анықтай алмай жатсаңыз, Университеттің ресми сайтындағы (www.cam.ac.uk) кеңес беру айдарынан нақты ақпарат алуға мүмкіндік бар. Admissions Office айдарында сұрақтарыңызға онлайн жауап беріп отыратын арнайы маман жұмыс жасайды.

Ағылшын тілін білу талаптары

Ағылшын тілі сіздің ана тіліңіз болмаған жағдайда, сіздің тіл білуіңіз академиялық курсты оқып, ағылшын тілінде емтихандар мен арнайы тапсырмаларды орындай алатын дәрежеде болуы керек. Ал оны айқындайтын мынадай халықаралық емтихандардан өту әрбір талапкерге міндетті болып табылады:

IELTS – ең төмені 7,5 балл, ал жеке тапсырмалармен әр қайсысы ең төмен 7,0 балл.

ЕО студенттері – Еуроодақ елдерінде білім алып, тапсырған жергілікті емтихандарының нәтижесі (the European/French Baccalaureate, Abitur etc) қабылдануы мүмкін.

«Ағылшын тілінің үздік меңгерушісі» атты Кембридж сертификаты – А немесе В деңгейлері.

Университет жанынан ашылған The University Language Centre орталығы «Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі» бағдарламасы бойынша, ағылшын тілі екінші тілі болған студенттерге қосымша сабақтар ұйымдастырып, қолдау білдіреді.

Кембридждің бакалаврында оқып жатқан студенттердің көп бөлігі бірінші жоғарғы білімін жетілдіріп жатқандар болып табылады. Дегенмен, екінші жоғары білімін арттырып жатқан студенттер де жоқ емес.

Кембридж Университетінде оқудың төлемақысы:

Саны      Салалар                                          Төлемақысы 1.

Англо-Саксон, Норман

және Селтик,

Азия және Таяу Шығыс

оқулары;

Классикалық өнер;

Экономика;

Білім беру;

Ағылшын тілі;

Тарих;

Өнер тарихы;

Әлеуметтік және

саяси ғылымдар;

Заң:

Лингвистика;

Философия;

Дінтану; £15,063  2. Математика
£16,800  3.

Сәулет өнері;

География;

Музыка;
£19,713
4.

Химиялық Инженерия;

Компьютер ғылымы;

Менеджмент;

Өндіріс инженериясы;

Психология;

Нақты ғылымдар;  £22,923
5.

Медицина және

ветеринариялық медицина

(интернатурасымен бірге); 

£36,459 

Әрбір студент таңдаған мамандығының төлемақысын толық қаржыландыра алатын болуы керек. Себебі, академиялық оқу барысында қосымша жұмыс істеуге студенттің еш мүмкіндігі болмайды. Виза алу барысы да ЖОО басқару орталығының тікелей қолдауымен іске асырылады.

Шәкіртақылар мен қаржылай қолдау көрсету

Бірінші жоғары білім алуға ниет білдірген шетелдік студентерге көрсетілетін қаржылай қолдау саны шектеулі. Әр курстағы талапкерлерге орташа есеппен толық 7 гранттан бөлінеді. Көбіне 50 пайыздық жеңілдіктермен қолдау білдіріледі.

Кембридж қоғамы мен Еуроодақ сенімі

«Кембридж қоғамы мен Еуроодақ сенімі» атты бағдарлама халықаралық студенттерге байқау жариялап, жартылай грант иелерін анықтайды.

Студенттік өмір

Университеттегі өмір тек терең білім алумен шектелмейді. Сондай-ақ, Кембридж табалдырығын аттаған студенттер жаңа дос арттырып, мәдени алмасудың жаңа қарқынына көшеді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/iIX9ni6GNBg","width":"450","height":"338"});

Алғашқы 48 сағат

Кембридж университетінің алғашқы 48 сағаты қуанышқа толы, дегенмен, аздап қобалжу үстінде болады. Бұл, әрине, бәріне ортақ жағдай. Кез келген балмұздақ осындай күйге түсуі табиғи құбылыс. Толығырақ Кембридж студенттерінің өздері айтып берсін:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/08jfdjWLvpk","width":"450","height":"338"});

Үйірмелер мен қоғамдар

Университеттің қоғамдық өміріне ат салысу мақсатында студенттер түрлі үйірмелер мен студенттік қоғамдарға белсенді араласады. Бұл жаңа достар арттырудың ең ұтымды жолы. Жалпы университетте 600-ден астам студенттік қоғам жұмыс істейді. Бұл жерде әрбір студенттің ойы мен талғамына орай қоғамдар бар. Егер таба алмасаңыз, өзіңіз бір студенттік қоғам құруыңызға болады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/F9HUSityD8c","width":"450","height":"338"});

Университеттің білім беру жүйесі өнер, әлеуметтік ғылымдар, медицина және инженер салаларындағы мамандарды дайындауға бағытталған. Кембриджде Бакалавр деңгейінің үш жылдық және төрт жылдық курстары бар. Айта кетсек, өнер және әлеуметтік ғылымдар үш жылды қамтыса, Азия және Таяу Шығыс оқулары, шет тілі мен инженерлік курстар төрт жылдық мерзімге үйлестірілген.

Менің Кембриджім

Егер сіз саналы, энтузиаст, академиялық дарынды болсаңыз Кембриджге келуге тиіссіз. Стереотиптерден қорықпаңыз, сіздің қолыңыздан келеді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/PD0SZzzs0bI","width":"450","height":"338"});

Оқуға тапсыру үдерісі

Кембридждің оқуға тапсыру үдерісі басқа университеттерге қарағанда ерте басталады. Оған қоса, бірнеше қосымша талап та бар. Ол туралы жалпы арнайы дайындалған видеодан көре аласыздар:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ieV3qKi_2bE","width":"450","height":"338"});

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/LbK0jaolptE","width":"450","height":"338"});

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/BgwHQCaqJc8","width":"450","height":"338"});

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/kujK0W-K0qc","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.cam.ac.uk