Кембридж университеті

Кембридж университеті

Кембридж университеті тек Англияның ғана емес, сонымен қатар, әлемнің ең көне жоғарғы оқу орындарының бірі. Мұнда оқығандарға мансап жолында да, жоғары айлықты қызмет жағынан да шектеусіз мүмкіндіктер берілген. Аталған оқу орнынан 15 ағылшын премьер-министрі, әлем елдерінің 23 көшбасшысы, Индияның 3 премьер-министрі, Дания патшайымы II  Маргрета оқып шыққан.

Әлемдік  QS World University Rankings рейтінгісі аталған университетті 2010 жылдың ең үздік жоғары оқу орны деп таныды. Тіпті, өзінің басты қарсыласы саналатын Гарвард университеті де қалып қойды. Жекелеген салалар бойынша Оксфорд, Гарвард оқу орындарына үстемдік бергенмен, жалпы салалар бойынша ең үздік болып саналады. Әлемнің 15000 мыңнан астам ғалымдары Кембридж университетін ғылыми зерттеу жоғары дәрежеде жүргізетін көшбасшы оқу орны деп таныды. Екі жыл қатарынан жаратылыстану ғылымдары саласында көш бастаса, Arts & Humanities бөлімі  бойынша тек Оксфорд университетін алға жіберді, ал медицина саласы бойынша Гарвардтан қалады. Social Sciences бөлімінде – үшінші болса,  Technology & Engineering-да әлемде 4 орында.

Орналасқан жері: Кембридж, орталық Англия

Студенттер саны: 25 мың.

Мамандықтар: археология, антропология, экономика, педагогика, тіл  білімі, тарих, заң, математика, философия, саясаттану, социология, өнер, теология, сәулет, инжинерлік, информатика, география, менеджмент, медицина, мал-дәрігерлік, құқық, экология, қаржы, дизайн.

Оқу жүйесі: қыркүйек-қазан.

Оқуды мерзімі: бакалавриат: 3-4 жыл; магистратура: 1 жыл.

2011-2012 ж. оқу ақысы: 12.000-28.700 GBP /жылына

Жататын орын мен тамағы: 6.000-7.500 GBP /жылына

Талапкерге: жасы: 18+жас;IELTS :7.0+; A-Levels немесе IB, алдыңғы  академиялық білім сертификаты/куәлігі.

Толық ақпаратты www.cam.ac.uk сайтынан біле аласыз

Форумда талқылау

Суреттер law.cam.ac.uk, inviron.org, vera.spb.ru сайттарынан алынған

Ж. FM