Түркия құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Футболдан Нидерланд құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты. Олар ширек финалдағы соңғы ойында Түркияны жарыс жолынан шығарды. 

Ойынның бірінші таймында Түркия құрамасы басым болып шықты. 35-минутта Самет Ақайдын есеп ашты. Арда Гүлердің әуелете асырған добына бірінші болып жетіп, гол соқты. 

Нидерланд құрамасы екінші таймда шабуылын үдетті. Нәтижесінде Де Врей 70-минутта баспен гол соғып есепті теңестірді.

Араға 6 минут сала Мерт Мюлдир өз қақпасына автогол соғып алды. 

2:1 есебі сақталып, Нидерланд құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Олар 1/2 финалда Англиямен кездеседі.