Германия мен Венгрия құрамалары Еуро-2024 топтық кезеңінің екінші турындағы ойынын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Штутгарттағы кездесу 2:0 есебімен Еуропа чемпионаты қожайындарының жеңісімен аяқталды.
22-минутта немістер алғашқы голды соқты, авторы – Жамал Мусиала.
67-минутта Германия құрамасының капитаны Илкай Гюндоганның голының арқасында есепті еселей түсті.
Осылайша, немістер алты ұпай жинап, турнирдің плей-офф кезеңіне шықты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз