- Негізгі бет
- Euro 2020
- Венгрия Франциямен тең...
Венгрия Франциямен тең ойнады
Венгрия ұлттық құрамасы F тобындағы екінші ойында Франциямен тең түсті. Будапештте өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді.
Жанкүйерлердің көбі бұл ойында француздар жеңіске жетеді деп болжаған-ды. Дегенмен мажарлар жігерлі ойын көрсетіп, тең нәтижеге қол жеткізді.
Бірінші таймда Франция құрамасының гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда пайдалана алмады. Есесіне Венгрия құрамасы гол соғып, бірінші таймда ұтып шықты. Гол авторы – Оттило Фиоло.
Дидье Дешам шәкірттері екінші таймда таразы басын теңестіре алды. 66 минутта Гризманн гол соқты. Одан кейінгі аралықта есеп өзгерген жоқ. Француздар ертерек топтан шығу мүмкіндігін пайдалана алмады.
2017-2018 жылдары "Астана" футбол клубы сапында ойнаған венгр Ласло Кляйнхайслер кездесудің үздік футболшысы атанды.
Айта кетейік, топтағы бірінші ойында Венгрия Португалияға 3:0 есебімен есе жіберсе, Франция Германияны 1:0 есебімен ұтқан еді.
Н. Үсенова