- Негізгі бет
- Euro 2020
- УЕФА Роналду оқиғасынан...
УЕФА Роналду оқиғасынан кейін баспасөз конференциясы ережесін өзгертті
Еуропа футбол қауымдастығы одағы (UEFA) Еуропа чемпионаты кезінде ресми баспасөз мәслихаттарында футболшылардан демеушілердің бөтелкелеріне қол тигізбеуін талап етті.
Осылайша, УЕФА өкілдері барлық турнир қатысушыларына демеуші келісімдері турнирдің және футболды дамытудың ажырамас бөлігі екенін еске салды. Ұйымдастырушылар команда ресми мүшелеріне ойыншылардың демеушілер мен олардың еуропалық футболға қосқан үлесін құрметтеуі керек екенін ескертті.
"Демеушілердің қаржысы осы турнир мен еуропа футболы үшін маңызды", - деді "Еуро-2020" турнирінің директоры Мартин Каллен.
Каллен, сонымен бірге, УЕФА ойыншыларға баспасөз мәслихаттарындағы әрекеттері үшін айыппұл салуды жоспарлап отырған жоқ деп қосты.
"Демеушілерге қатысты келісімшарт міндеттемелері Еуро ережелерінің бір бөлігі. УЕФА ойыншыларға тікелей жаза қолдануды көздемейді", - деп түсіндірді Каллен.
Мұндай мәлімдемелер баспасөз мәслихаты кезінде үстелден сусындардың бөтелкелерін итеріп немесе алып тастаған футболшылардың әрекеттеріне байланысты пайда болды.
Coca coula... Quand Cristiano Ronaldo repousse deux bouteilles de soda en conférence de presse, le géant américain des boissons voit sa valeur en bourse chuter de... 4 milliards de dollars ! pic.twitter.com/rr8hrAm0Iu
— Eurosport France (@Eurosport_FR) June 16, 2021
Еске салайық, Криштиану Роналду Португалия мен Венгрия матчы алдындағы баспасөз мәслихатында үстелдегі Coca-Cola бөтелкелерін шетке итеріп, оның орнына су бөтелкесін алып: "Су ішкен денсаулыққа пайдалы" деген болатын.
Роналду коладан бас тартқаннан кейін 30 минут өткен соң, Еуро-2020 демеушісі болған Coca-Cola акцияларының құны 1,6 пайызға төмендеген. Компания құнын 242 миллиардтан 238 миллиардқа дейін төмендетіп, жалпы шығыны 4 миллиард долларды құраған.
Алайда сарапшылар бұл оқиғаларды бір-бірімен байланыстырмайды. Олар өндірушінің акциялары футболшының баспасөз конференциясына үш күн қалғанда құлдырай бастады деп мәлімдейді.
Coca-Cola өкілдері бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ, бірақ бұл желі қолданушыларының арасында шу туғызды.
Қолданушылар Роналдудың дұрыс тамақтануды қолдайтынын және газдалған сусындар өндірушілерінің жарнамалық науқандарында бұрын-соңды болмағанын айтты. Португалия капитаны қант қолданбайды және диета ұстайды.
Кейін Роналдудың әрекетін тағы екі ойыншы қайталады. Француз Пол Погба Еуро-2020-ның демеушісі Heineken сыра бөтелкесін үстелдің үстінен алып тастады.
Одан кейін Италияның жартылай қорғаушысы Мануэль Локателли да кока-кола бөтелкелерін шетке ысырып, алдына су қойған.
Т. Раушанұлы