Ресей құрамасы Финляндияны ұтты

Ресей құрамасы Финляндияны ұтты

Футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің екінші айналымы басталды. "В" тобында Ресей құрамасы алғашқы 3 ұпайын алды. Олар Санкт-Петербургте өткен ойында Финляндия құрамасын 1:0 есебімен ұтты.

Ойында бірінші болып финдер есеп ашқан. Алайда Йоэль Похьянпалоның офсайдта қалғаны анықталып, гол нәтиже ретінде тіркелмеді. 25 минутта Ресей құрамасы сапындағы үздік ойыншылардың бірі Марио Фернандес жарақат алып, орнына Вячеслав Караваев кірді.

Ресейліктерге жеңіс сыйлаған голды бірінші таймның қосымша уақытында Алексей Миранчук соқты.

Топтағы үшінші ойында Ресей Даниямен, Финляндия Бельгия құрамасымен кездеседі.

Н. Үсенова