"Массагетте" болжамдар бәйгесі басталды

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен спортсүйер қауым! Сіздерді футболдан Еуропа чемпионатына арналған болжамдар бәйгесіне қатысуға шақырамыз! Оқырмандар сұранысы бойынша ұйымдастырылып отырған бәйгеге қатысып, жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндік бар. Сіздерді бас демеушіміз Huawei Device Қазақстан компаниясы тағайындаған бағалы сыйлықтар күтеді!

Болжамдар бәйгесінің ережелері: 

Өту кезеңі: 11 маусым мен 11 шілде аралығы, яғни Еуропа чемпионатының өту уақыты.

1. Күн сайын Massaget.kz сайтында сол күні өтетін кездесулер жайлы ақпараттар, сараптамалық-шолулар мен қызықты статистикалық материалдар жарияланады. Қатысушылар "Euro 2020" бөлімінде жарияланған кез келген мақала соңындағы бәйге алаңына өз болжамын қалдырады. 

2. Болжам қалдыру үшін сайтқа тіркелуіңіз қажет. Тіркелу үшін сайттың оң жақ бетіндегі "Тіркелу" батырмасын басасыз. Болмаса әлеуметтік желілер арқылы кіруге болады. 

3. Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі ойын аяқталысымен жаңарып тұрады. Сілтемеге өтіп өзіңнің және өзгелердің болжамдарын көруге болады. 

4. Болжамдар ойын басталғанға дейін қабылданады. 

5. Болжамдар ойындардың негізгі уақытындағы нәтижелермен ғана есепке алынады. 

6. Жарысқа өз аты-жөндеріңізбен (түсінікті атпен) қатысуды сұраймыз. 

7. Қандай да бір сұрақтар болса  8702 244 84 14 нөмірі бойынша Whats App желісіне жазсаңыздар болады.

8. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шек қойылмайды.

Болжамдар қалай есепке алынады?

Кездесу

Қатысушы болжамы

Нақты нәтиже

Ұпай

Ұпай есептеу әдістері

 

Түркия – Италия

 

 

 

2:1

 

 

 

2:1

 

   

 

3

3 ұпай – кездесудің жеңімпазын және нақты есебін анықтаған жағдайда;

 

Уэльс – Швейцария

   

 

0:0

 

0:0

 

3

3 ұпай – кездесу тең аяқталып және нақты есебін анықтаған жағдайда;

Дания – Финляндия

 

1:1

 

2:2

 

2

2 ұпай – кездесу тең аяқталып, бірақ нақты есеп сәйкес келмеген жағдайда;

 

Бельгия – Ресей

 

3:1

 

2:0

 

2

2 ұпай – кездесудің жеңімпазы мен доп айырмашылығын анықтаған жағдайда;

 

Англия – Хорватия

 

3:2

 

3:1

 

1

1 ұпай – тек кездесудің жеңімпазын анықтаған жағдайда;

 

Шотландия – Чехия

 

1:0

 

 

0:1

 

 

0

 

0 ұпай – ешбір болжам сәйкес келмеген жағдайда;

Болжамдар бәйгесі қорытындысы бойынша бірнеше қатысушының ұпайы тең болғанда, кімнің дәл есепті көп тапқаны басымдыққа ие болады. Сол жеңімпаз атанады. Себебі бұл жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар бар. Олардың Алматыға келе алмауы немесе ағайын-туысы, тамыр-танысы болмауы да мүмкін. Бұл - бір. Екіншіден кездейсоқ таңдай салғаннан, дәл есепті көбірек тапқан қатысушының жеңімпаз атануы әділ шешім болмақ. Егер дәл есебін тапқан ойындар саны бойынша да тең түсетін болса, онда доп айырмасындағы болжамы бойынша бағаланады.

Ұпай саны, дәл жасаған ойындар болжамы тең болған жағдайда ғана randstuff.ru сервисі арқылы жеңімпазды кездейсоқ таңдайтын боламыз. 

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады. 

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

Жеңімпаз өз сыйлығын Massaget.kz сайтының редакциясына хабарласып, ала алады. Сұрақтар мен өтініштер бойынша 8 (702) 244 84 14 телефонына хабарласып немесе massaget.kz@gmail.com электронды мекенжайына хат жолдай аласыздар.

Айта кетейік, қазіргі таңда Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі ойындар өтуде.