Еуро-2020-ға қатысатын ұлттық құрамалардың бапкерлері соңғы құрамды жариялады. Қарт клубтың басты додасына қатыспайтын футболшылар биыл өте көп. Олардың өзінен бір команда құруға болады.
Марк-Андре тер Штеген, Германия
Испания чемпионатының 37-туры аясында "Сельтаға" қарсы матчтан кейін "Барселонаның" қақпашысы Марк-Андре тер Штеген Instagram-да Еуро-2020 турниріне қатыспайтынын мәлімдеді.
"Клубтың медициналық қызметкерлерімен бірге тіземе тағы бір ота жасауды шештік. Еуро-2020-ға бармау мен үшін ауыр. Көп жылдан бері алғаш рет үйде отырып ұлттық құраманың жанкүйері боламын. Турнирде жеңіске жетеміз деп үміттенемін!", - деп жазды қақпашы.
Аарон-Уан-Биссака, Англия
Аарон Уан-Биссаканың Англия құрамасымен қарым-қатынасы соңғы жылдары көптеген ағылшын жанкүйерлері үшін құпия. "Манчестер Юнайтедтің" оң қапталдағы қорғаушысы және өз позициясындағы премьер-лиганың ең мықты ойыншысы әлі ұлттық құрамада ойнай алмай келеді.
Уан-Биссака ұлттық құрамаға шақырту алған емес. Бас бапкер Трент Александр-Арнольд, Риз Джеймс, Кайл Уокер және Киран Триппер сияқты ойыншыларға сенім артып келеді. "Манчестер Юнайтед" ойыншысы өзінің тарихи отаны – Конго Демократиялық Республикасы атынан жасыл алаңға шығуды да ойлаған. Уан-Биссака Еуро-2020 құрамына енбеген, егер ол болашағын Англияда көретін болса, команда турнирді сәтсіз аяқтап, Саутгейттің отставкаға кетуін күтуге тура келеді.
Ханс Хатебур, Нидерланды
"Аталантаның" оң қапталдағы қорғаушысы Хатебур үш жыл бұрын Нидерланд құрамасында дебют жасап, ұлттық құрамаға 2020 жылға дейін еніп келді. Хетебур өткен жылдың күзінде ұлттық құраманың 11 ойынының сегізінде ойнады. Кейін ол тобығынан жарақат алды. Осы себепті футболшы үш ай бойы "Аталанта" сапында ойнай алмады. Маусым соңында жасыл алаңға қайта оралған Хатебур Еуро-2020-ға шақырту алған жоқ.
Серхио Рамос пен Дани Карвахаль, Испания
Биылғы Испания құрамасында "Реал Мадрид" клубының бірде-бір ойыншшысының болмауы футбол сүйер қауымды таң қалдырды. "Барселонаның" бұрынғы бапкері, соңғы жылдары Испания ұлттық құрамасын жаттықтыратын Луис Энрике өз шешімін журналистерге түсіндіруге мәжбүр болды.
"Егер Карвахаль мен Рамос дайын болса, мен оларды тізімге енгізер едім. Кез келген клуб өз ойыншыларын ұлттық құрамаға шақырғанын қалайды Мен оны түсінемін. Бұл ойыншылар құрамаға жарақатына байланысты шақырту алған жоқ", - деді Луис Энрике.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, жарақатына байланысты өткен маусымды өткізіп алған Рамос Энрикеден оны турнирге апармауын өтінген. Оның орнына жақында Испания азаматтығын алған Сити ойыншысы Лапорта ойнайды.
Карвахаль "Челсиге" қарсы бірінші жартылай финалда аяғынан жарақат алып, кем дегенде шілдеге дейін ойнай алмайды.
Испания ұлттық құрамасына командаға рух беруші капитан мен Карвахальдың болмауы біраз мәселелер туындатуы мүмкін.
Вержил ван Дайк, Нидерланды
Нидерланды капитаны маусымды өте ерте аяқтады. АПЛ-дің 5-туры аясында "Эвертонға" қарсы Мерсисайд дербиінің (2: 2) 11-минутында Ван Дайк "Эвертон" қақпашысы Джордан Пикфордпен соқтығысып қалды. Пикфорд жеңіл жарақат алды, ал "Ливерпульдің" қорғаушысы тізесінен ауыр жарақаттанды. Сол ойыннан кейін Ван Дайк алаңға оралған жоқ.
Дайо Упамекано, Франция
Германия лигасындағы жұлдызды ойыннан кейін Мюнхеннің "Бавариясына" ауысқан Дайо Упамекано да Еуро-2020 ойынына қатыспайды. 22 жастағы француз қорғаушысы өткен жылғы қыркүйекте алғашқы рет ұлттық құрамада дебют жасап, екінші ойында гол соқты. Бірақ Франция ұлттық құрамасында бәсекелестік өте күшті және Упамеканоның позициясында талантты ойыншылар өте көп, сондықтан "Лейпцигтің" бұрынғы ойыншысы маусымға дайындалу үшін Мюнхен базасына ерте бара алады.
Тео Эрнандес, Франция
"Реал Мадрид" клубының негізгі ойыншысы атана алмаған Тео Эрнандес "Миланға" қосылды. Өткен маусымда "Миланда" сәтті ойын өрнегін көрсете алған француз жартылай қорғаушылар мен шабуылшыларға қарағанда көбірек гол соғып, пас берді (6 + 5). Кейінгі маусымда Эрнандес жоғары тиімділік рекордын сақтады (7 + 6), бірақ ұлттық құрамаға шақырту ала алмады. Дидье Дешам Теоға емес, "Бавариядағы" ағасы Леони мен "Эвертондағы" Люк Динге көбірек сенген сияқты.
Эдуардо Камавинга, Франция
Екінші жыл қатарынан 18 жастағы "Ренн" жартылай қорғаушысына топ клубтар, әсіресе "Реал" үлкен қызығушылық танытып келеді. Былтырғы қыркүйекте Камавинга ұлттық құрамадағы дебютін Ұлттар лигасында Хорватияға қарсы матчта өткізді (4:2). Бір айдан кейін жас француз өзінің алғашқы голын Украинаға қарсы жолдастық кездесуде (7:1) соқты. Наурызда Камавинга жастар құрамасына шақыртылды. "Ренн" ойыншысы француз U21 командасымен Еуроны жеңіп алуға тырысады.
Саул Нигес, Испания
Саулдың халықаралық аренада жолы болмады. Оның Кокемен тандемі ұлттық құрамадағы Хави мен Андрес Инестаның орнын басуы мүмкін еді, бірақ екі ойыншы әрқашан бірдей ұлттық құрамаға шақырыла бермейді.
Джеймс Мэддисон, Англия
Мэддисонның Англия құрамасына шақырылмағаны – өз елі футболының бәсекелестігінің белгісі. Ол ойнайтын позицияда Чемпиондар лигасының жеңімпазы Мейсон Маунт пен "Астон Вилла" капитаны Джек Грилиш бар. "Лестердің" жартылай қорғаушысы 15 гол соғып, керемет маусым өткізді. "Манчестер Юнайтед" Мэдисонға қызығушылық танытып отыр, ал бапкер Гарет Саутгейт Англия кубогында жеңіске жеткен ойыншыны елемеді.
Педру Нету, Португалия
"Вулверхэмптон" жанкүйерлері 21 жастағы Педро Нетуды команданың маусымдағы үздік ойыншысы деп бағалады. Ұлттық команда да Нетудың жетістігіне назар аударды. Бірақ тізесіндегі жарақат оған Еуро-2020-ға баруға мүмкіндік бермеді.
Ансу Фати, Испания
"Барселонаның" жас ойыншысы Фати да жарақатына байланысты Еуро-2020-ға бара алмайды. Ол осы маусымда он-ақ ойынға қатысып, бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Испания чемпионатының 9-турында "Бетиске" қарсы ойында тізесінен ауыр жарақат алды. Кейіннен маусымның қалған бөлігінде ойнай алмайтындығы белгілі болды.
Марко Ройс, Германия
Дортмундтық "Боруссия" капитаны Марко Ройс өзінің инстаграм парақшасында Еуропа чемпионатына бармауға шешім қабылдағанын жариялады. Ол шаршағанына байланысты турнирге өзі барудан бас тартқан.
"Қиын маусымнан кейін біз Йоахим Лёвпен кеңесіп, Еуропа чемпионатына бармауға шешім қабылдадық. Мен үшін бұл шешімді қабылдау өте қиын, өйткені мен әрдайым ұлттық құрамада ойнағым келді. Бірақ тығыз кесте бойынша маусымнан кейін қалпына келу үшін үзіліс жасауға бел будым. Жаңа маусымды жаңа күшпен бастау үшін үзілісті тиімді пайдаланғым келеді. Ұлттық құрамаға Еуропа чемпионатында сәттілік тілеймін", деп жазды ол.
Златан Ибрагимович, Швеция
Наурызда "Миланның" 39 жастағы шабуылшысы швед жанкүйерлеріне төрт жылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралатынын айтты. Ибрагимович 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матчта ойнады. Форвард Грузия (1:0) мен Косовоға (3:0) қарсы ойындарда Швецияның жеңісіне үлес қосты. Ардагер ойыншы Еуро-2020-ға да барғысы келді, бірақ А сериясының 35-турында "Ювентуске" (3-0) қарсы ойында жарақат алып қалды.
Аталған ойыншылардан бөлек Еуро 2020-ға Джером Боатенг, Джесси Лингард, "Бернлиде" тамаша маусымды өткізген және APP-дегі ең жақсы қақпашы болған Ник Поуп (77 пайыз) және испаниялық Марко Асенсио ұлттық құрамаға шақырту алмады.
Сондай-ақ жарақатына байланысты Венгрия жұлдызы Доминик Собослаи (Лейпциг) пен француз қорғаушысы Ферлан Менди (Реал) турнирге қатыспайды.