Италия vs Англия. Финалда қай құрама жеңіске жетеді?

Италия vs  Англия. Финалда қай құрама жеңіске жетеді?
Фото: english.stadiumastro

Бүгін түнде футболдан Еуропа чемпионатының Италия – Англия арасындағы финалы өтеді.  Сондай-ақ "Массагет" порталының Huawei Device Қазақстан компаниясы қолдауымен бастаған "Болжамдар бәйгесінің" жеңімпазы анықталады.

Италия – Англия

Еуропа чемпионатының финалында Италия Англиямен ойнайды. Матч 12 шілдеде Лондон қаласындағы  "Уэмблиде", Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Ойынды отандастарымыз Qazaqstan және QazSport арналарынан тамашалай алады.

Италия

Итальяндар осы Еурода ешкім күтпеген жарқын ойындар өткізді.  Топтық кезеңде «Скуадра Адзурра» өте жақсы командалық ойын өрнегін көрсетіп, бірде-бір гол жібермей үш керемет жеңіске жетті.

Бірінші матчта Роберто Манчинидің командасы Түркияны, содан кейін Швейцарияны (3:0) ірі есеппен ұтты.

Мануэль Локателли екі таймда мергендігімен көзге түссе, Чиро Иммобиле  89 минутта қақпаны дәл көздеп, ойын нүктесін қойды.

Келесі кезеңге шығып қойғаннан соң Уэльске қарсы ойында Роберто Манчини жартылай негізгі құрамды шығарды. Олар уэльстіктерді  Пессинаның голының арқасында 1:0 есебімен ұтты.

1/8 финалда Италия құрамасы Австриядан ешкім күтпеген қарсылыққа тап болды.  Бірақ экстра таймда олар 2:1 есебімен қарсыласын ұтты.

Ширек финалда итальяндар Бельгияны ұтып (2:1), жеңіліссіз сериясын 32 матчқа (және жеңіс сериясын 13-ке) дейін жеткізді.

Жартылай финалда Италия Испанияға арасында нағыз шайқас болды. Мұнда Манчини командасы екінші таймда Федерико Кьезаның керемет соққысынан кейін есеп ашты.

Бірақ испандар екі тайм бойы ойынды өз бақылауында ұстап, екінші таймның 80  минутында есепті теңестірді. Экстра таймда Италия Испанияға қарсы әрең төтеп берді. Бірақ пенальти сериясында сәттілік олардың жағында болды.

Англия

Англия өз тарихындағы ең жақсы турнирлердің бірін өткізіп жатыр. Олар тарихында алғаш рет Кәрі құрлықтың басты додасының финалына шықты.

Англия Данияны жартылай финалда өте даулы пенальтидің арқасында жеңді. Бірінші қосымша таймның соңында Рахим Стерлинг қарсылас айып алаңына құлап, командасына маңызды пенальти әперді.

Егер даулы оқиға бойынша пікірлерді оқып, тыңдасаңыз, төрешінің шешімімен тек ағылшын жанкүйерлері келісетіні белгілі. Бұл пенальтия Англияға көп көмектесті.

Бірақ бұл жерде даулы сәтке дейін Саутгейт командасы Данияға қарағанда әлдеқайда жақсы ойнағанын айта кету керек.

Англияның осы еуродағы басты жетістігі – бұл 1/8 финалда Германияны жеңу. Саутгейт стратегиясы өте сауатты таңдалған тактика болды.

Матчтың қалай өтетінін болжау да қиын емес. Екі команда да сақ ойнап, тек қарсы шабуылдарды пайдалануы мүмкін. Екі команда да финалда тәуекелге бармайды.

Тағы бір ерекшелігі Англия Италия сияқты әлі қиын матчтар (Данияны есептемегенде) өткізген жоқ.

Сондықтан, шешуші фактор, төзімділік – қай құрама аз күш жұмсаса сол команда экстра таймда гол соғып, жеңіске жетуі мүмкін.  Англия физикалық жағынан керемет мықты команда екендігі даусыз. Ал, экстра таймда да есеп ашылмай матч пенальтилер сериясына жалғасатын болса, Италия қақпашысы – Доннарумманың арқасында италяндар жеңіске жетуі әбден мүмкін. Ол Испаниямен болған ойында өзінің қандай қақпашы екенін дәлелдеді.

Ағылшындар үшін бұл финал  – 55 жылдан кейінгі ірі турнирде жеңіске жетуіне үлкен мүмкіндік. 

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

А. Оралқызы