Лондондағы (Англия) "Уэмбли" стадионында өткен кездесуде Италия мен Австрия құрамасы кездесті. Ойынның негізгі уақытында есеп ашылмады.
Ойынның 65-минутында Марко Арнаутович итальяндар қақпасына гол соқты, бірақ VAR-ны қараған төреші офсайдқа байланысты годы есептемеді.
76-минутта бас төреші Энтони Тейлор тағы да видеоассистке жүгініп, Италияға пенальти тағайындаған жоқ.
95-минутта ерекше көзге түскен Федерико Кьеза итальяндарды алға шығарды.
Он минуттан кейін Маттео Песина командасының есебін еселей түсті.
114-минутта Саша Калайджич арадағы есепті қысқартты. Есепті теңестіруге австриялықтарға уақыт жетіспеді.
Енді Италия құрамасы Бельгия – Португалия жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Ал, 1/4 финалдағы Дания Чехия – Нидерланды жеңімпазымен қарсылас атанады.
Еске салайық, Дания құрамасы Уэльс қақпасына жауапсыз 4 гол соқты.