Хорватия – Испания құрамалары Еуро-2020 1/8 финалында кездесті. Тартысты өткен ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта испандар екі гол соғып, 5:3 есебімен ұтты.
Испания бұл матчда да допқа көбірек иелік етті. Алғашқы минуттан-ақ шабуылдармен көзге түсті. 20 минутта Педри абайсызда өз қақпасына гол соқты. Ол тепкен допты қақпашы Унаи Симон тоқтата алмай қалды.
Бірақ испандар қайтадан ойынды өз қолына алып, жартылай қорғаушы Пабло Сарабия 38 минутта хорват қақпашысы Доминик Ливаковичтен қайтқан допты, голға айналдырды. Бірінші таймда екі команда тең түсті.
Екінші тайм да толықтай испандардың басымдығында өтті. 57 минутта "Челси" капитаны Сесар Аспиликуэта командаласы асырған пасты баспен соғып, есепті еселеді. 71 минутта Испания шабуылшысы Альваро Мората әдеттегідей офсайдтан гол соқты.
Ал, 76 минутта Ферран Торрес есепті 3:1 етіп, келесі кезеңге Испанияны бір табан жақындатты.
Үшінші голдан кейін, хорваттар өткір шабуылдарын үдетті. Нәтижесінде 83 минутта Мислав Орвич есепті қысқартты. Ойын осылай аяқталады деп ойлаған болу керек, ойынның аяғына қарай испандар сылбыр ойнай бастады, бірақ 90+2 минутта Марио Пашалич әеден келген допты қақпа төрінен бір-ақ шығарып, есепті 3:3 етті.
Экстара таймның 95 минутында Альваро Мората гол соғып, командасын алға шығарды. 103 минутта Микель Оярсабаль есепті 5:3 етті.