"D" тобындағы Хорватия мен Чехия құрамалары арасындағы ойын тең аяқталды. Глазгодағы кездесуде 1:1 есебі тіркелді.
Бірінші болып 37 минутта Чехия құрамасы гол соқты. Патрик Шик 11 метрлік айып добын сәтті орындап, Еуропа чемпионатындағы үздік сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты. Ол Шотландияға қарсы ойында дубль жасаған болатын.
Шақпақ жейделі құрама екінші тайм басында таразы басын теңестірді. Иван Перишич тепкен доп Чехия құрамасы қақпасында тулады.
Ойында Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич үздік футболшы атанды.
Чехия құрамасы топтан ерте шығу мүмкіндігін пайдалана алмады. Десе де 4 ұпаймен "D" тобында көш бастап келеді.