Бүгін 1/8 финалдың тағы екі ойыны өтеді

Бүгін 1/8 финалдың тағы екі ойыны өтеді

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалындағы ойындар жалғасуда. Бүгін түнде ширек финалға шыққан тағы екі құрама белгілі болады. Сондай-ақ "Массагет" порталының Huawei Device Қазақстан компаниясы қолдауымен бастаған "Болжамдар бәйгесі" жалғасады.

Хорватия – Испания

Бүгін Хорватия – Испания құрамалары Еуро-2020 1/8 финалында кездеседі. Ойын Копенгагендегі  "Паркен" стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады. Қазақстандық футбол сүйер қаауым бұл матчты Qazaqstan арнасынан тамашалай алады.

Хорватия

Хорваттар топтық кезеңде аса сәтті ойнай алмады. Олар үш матчтың бірінде ғана жеңіске жетіп, екінші орынмен (4 ұпай) топтан шықты.

Златко Даличтің командасы D тобында Англия, Чехия және Шотландия командаларымен ойнады. Олар ағылшындардан  0:1 есебімен жеңілді. Ал, Чехиямен тең түсіп (1:1) турнирдегі алғашқы ұпайын алды. Соңғы турда хорваттар Шотландияны 3:1 есебімен жеңіп, плей-оффқа жолдама алды.

Бүгінгі кездесуде  "Зениттің" қорғаушысы Деян Ловрен жасыл алаңға шықпайды. Себебі, ол алдыңғы екі ойында да сары қағаз алған болатын.

Испания       

Испандар топтық кезеңнен жеңілмей өтті. Бірақ бұл статистикаға қарап "қызыл фурияны" жақсы ойын өрнегін көрсетті деп тағы айта алмаймыз.

Топтың кезеңде Луис Энрикенің командасы Швеция (0:0) және Польшамен (1:1) тең түсті. Тек, Словакияны ғана 5:0 есебімен ұтып плей-оффқа екінші орынмен шықты. Жалпы, испандардың жеңіс сериясы 8 матчқа жетті.

Сонымен бірге Энрикенің шәкірттері кейінгі он жеңістің жетеуінде кем дегенде екі гол айырмашылығымен жеңіске жеткен.

Франция – Швейцария

Бүгін Франция  Швейцариямен ойнайды. Бухаресте өтетін кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Бұл кездесуді отандастарымыз QazSport арнасынан көре алады.

Франция

Франция құрамасы F тобында үздік атанып, үш турда бес ұпай жинап, 1/8 финалға жолдама алды. Қазіргі әлем чемпиондары Еуро-2020-дағы алғашқы кездесуді Германияны жеңумен бастады (1:0). Содан кейін Дидье Дешам командасы Венгриямен (1: 1) күтпеген жерден тең түсті. Үшінші кездесуде француздардан Карим Бензема, португалдардан Роналду дубль авторы атанып екі команда тең ойнады (2: 2).

Лука Эрнандес пен Лука Диньге келесі кездесуді өткізіп алу қаупі төніп тұр, дегенмен, "Бавария" қорғаушысы ойын алдында сараптамадан өтіп, оның ойнайтын-ойнамайтыны белгілі болады.

Швейцария

Швейцария құрамасы плей-офф кезеңіне өту үшінші орынмен шықты.

Владимир Петковичтің шәкірттері бірінші айналымда Уэльспен тең түсіп (1: 1), содан кейін Италиядан ірі есеппен жеңіліп (0: 3), өздерін қиын жағдайға қалдырды. Алайда үшінші кездесуде швейцариялықтар Түркияны 3:1 есебімен қиындықсыз ұтты.  Джердан Шакири дубль авторы атанса, Стивен Зубер үш нәтижелі пас берді.

Нико Эльведи жарақатынан айығып жаттығуды бастағаны белгілі болды. Сондықтан осы ойында оны жасыл алаңнан көріп қалуымыз ғажап емес.

Француздар бұл кездесудің ғана емес, осы турнирдің де басты фавориті саналады. Сондықтан, Швецария құрамасына қиын болары анық.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына орай сайтымыздың "Болжамдар бәйгесі" жалғасады. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei Device Қазақстан компаниясы ұсынған Huawei P Smart 2021 смартфонымен марапатталады. Технологиялық смартфон батареясының қуаты 5000 мА-сағат және 22.5 Вт жылдам қуаттау функциясы бар. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады.

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

"Болжамдар бәйгесіне" қатысу үшін сайтқа тіркеліп, болжам ретінде пікір қалдырсаңыз болғаны. Қатысу мен ережелеріне қатысты сұрақтар осы сілтемеде. Сәттілік тілейміз!

Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі

Т. Раушанұлы