- Негізгі бет
- Еуро-2016
- Массагет бəйгесі. Италия...
Массагет бəйгесі. Италия vs Германия
Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан үшінші құрама белгілі болады. Бұл жолдамаға Италия мен Германия құрамалары таласатын болады.
Бұл ойында "неміс машинасы" фаворит саналғанмен, "скуадра адзурра" да осал құрама емес. Осыған дейін Еуропа чемпионатында есе жібермей келе жатқан Испания құрамасын жарыс жолынан шығарған еді. Ал Германия 1/8 финалда Словакия құрамасын сан соқтырған-ды.
Италия құрамасы немістер үшін ыңғайсыз қарсылас саналады. Шешуші ойындардың көбінде италиялықтардың асығы алшысынан түсіп отырған. Дегенмен бүгінгі Германия құрамасы нағыз бабында деуге болады. Сондықтан да ширақ шабуыл мен тас қамал қорғаныстың жеңімпазын дөп басып айту оңай емес.
Букмекерлік орталықтар Италия құрамасының жеңісіне – 3.72, тең ойынға – 3.08, Германияның жеңісіне – 2.35 коэффициент беріп отыр.
О. Сансызбай