- Негізгі бет
- Еуро-2016
- Массагет бәйгесі. Тартысқа...
Массагет бәйгесі. Тартысқа толы ойын тағдырына сіздің болжамыңыз
Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі екі ойынның куәсі боласыздар. «В» тобындағы Словакия мен Англия және Ресей – Уэльс келесі тур ойындарына жолдама жеңіп алу үшін барын салмақ.
Словакия – Англия
Францияның Сент-Этьен қаласындағы "Жеффуруа-Гишар" стадионында өтетін "В" тобының үшінші тур ойындары тартысқа толы болмақ. Көш басында тұрған ұлыбританиялықтардың да қазіргі жағдайы аса мәз емес. Ресей құрамасымен тең ойнаған тұманды альбиондықтар Словакия құрамасына қарсы барын салып жеңісті жұлып алуға тырысады. Алайда, Уэльспен екінші орынға таласқа түскен словактар қолдарынан келгенін аянып қалмасы сөзсіз. Қос командаға да жеңіс ауадай қажет. Англия құрамасы бүгін өзгертілген құраммен шығады. Сттаридждің орнына Кейна негізгі ойында алаңға шығуы мүмкін. Бірін-бірі аңдысып, осал жерін табуға тырысатын қос қарсылас қарымта шабуылға иек артатыны да белгілі.
Букмекерлік орталықтар Англия құрамасының жеңісіне – 1,9; ал тең ойынға – 3,36 Словакия құрамасының жеңісіне 5,07 коэффициент беріп отыр.
Ресей – Уэльс
"В" тобындағы екінші ойынның нәтижесі Ресей мен Уэльс арасындағы кездесуден кейін анықталады. Аталған ойында Ресей құрамасына тек жеңіске жету керек. Сонымен қатар Англия Словакиядан басым түссе ресейлік құраманың ойынды ары қарай жалғастыруына мүмкіндік бар. Ал, Уэльске келер болсақ, футболшылардың феррариі саналатын Гарет Бейл бар жылдамдығын осы кездесу барысында көрсетпек. Ресейліктердің тас қамал қорғанысын бұзып, допты қақпаға дәлдеп кіргізу – Уэльстің басты мақсаты.
2010 жылы әлем чемпионатының іріктеу ойындары кезінде қос команда бір-бірімен кездескен. Алайда, екі ойында да ресейліктер басым түскен. (2:1 және 1:3)
Бұл топтан келесі 1/8 турға бірде-бір команда жолдама алмағандықтан бүгінгі ойындар өз дәрежесінде өтетіні белгілі. Тек, ұлыбританиялықтар мен ресейліктердің арасындағы ойындағыдай жанкүйерлердің қақтығыстары бұл ойында қайталанбауына да база назар аударылып отыр.
Сонымен бұл ойынға букмекерлік орталықтар Ресей құрамасының жеңісіне – 2,78 тең ойынға – 3,08 Уэльс құрамасының жеңісіне – 2,98 коэффициент беріп отыр.
B. ZHAQSYMBET