Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының 1/4 финалдық кезеңінің төртінші ойынының куәсі боласыздар. Бір-біріне қарсылас атанған Франция мен Исландия құрамалары жасыл алаңда бақ сынасатын болады.
Франция - Исландия
Еуропа чемпионатында өзінің керемет ұпайымен көзге түскен Франция құрамасы Исландиямен жасыл алаңда кездесетін болды. Өз жерінде аянып қалмайтынын осы уақытқа дейін көрсете білген Дидье Дешам шәкірттері исландиялықтардан басым түседі деген болжам бар. Осы кездесудің фавориті саналатын Француздардың қарқыны әзірге жаман емес. Кәрім Бенземаны ұлттық құрамаға шақырмаған бапкердің жаңа ойыншылармен осы чемпионатта топ жарар ойы бар екені де жасырын емес. Ал, исландықтарға келер болсақ, ағылшын құрамасын 1/8 финалдық кездесуде сүріндірген футболшылардан бүгінде көп халықтың сенсация күтетіні белгілі.
Букмекерлік орталықтар Франция құрамасының жеңісіне – 1,46; ал тең ойынға – 4,54 Исландия құрамасының жеңісіне 8,25 коэффициент беріп отыр.