Массагет бәйгесі. Жеңімпаз болуға асығыңыз

Массагет бәйгесі. Жеңімпаз болуға асығыңыз
Фото: blog.kitbag.com

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінің үш ойынының куәсі боласыздар. Бір-біріне қарсылас атанып, келесі турға өту үшін барын салатын Франция мен Ирландия және Германия мен Словакия сонымен қатар Мажарстан (Венгрия)  мен Бельгия арасында болмақ.

Франция - Ирландия 

Еуропа чемпионатында 7 ұпаймен өз тобының көшбасшысы болып шыққан Франция құрамасы Ирландиямен жасыл алаңда кездесетін болды. Парк Олимпик стадионында өтетін бәсеке нағыз мықтылардың сайысы болмақ. Өз жерінде аянып қалмайтынын осы уақытқа дейін көрсете білген Дидье Дешам шәкірттері британдықтардан басым түседі деген болжам бар. Осы кездесудің фавориті саналатын Француздардың қарқыны әзірге жаман емес. Кәрім Бенземаны ұлттық құрамаға шақырмаған бапкердің жаңа ойыншылармен осы чемпионатта топ жарар ойы бар екені де жасырын емес. Ал, ирландықтарға келер болсақ, топтық кезеңнен үшінші орынмен шығып 1/8 финалда өнер көрсетуде. Аталған екі команда 1981 жылдан бері 6 рет кездескен. Бірде-бір рет ұта алмаған Ирландықтар Француздардың қақпасына жалғыз ғана гол салған екен.

 Букмекерлік орталықтар Франция құрамасының жеңісіне – 1,53; ал тең ойынға – 3,96 Ирландия құрамасының жеңісіне 8,75 коэффициент беріп отыр. 

Германия - Словакия

"Пьер Моруа" стадионында кездесетін Германия мен Словакия арасындағы ойынның фавориті неміс машинасы саналады. Йоахим Левтың командасы әлем чемпионы атанғаннан кейін көптеген адамдар Еуропа чемпионатының да титулына үміткер ретінде Германия құрамасын болжаған. Өздерінің керемет командалық ойынымен көзге түскен аталған құрама Словакияға қарсы қандай айла-тәсіл қолданатыны белгісіз. Бұрыштама, айып добын, өткір шабуыл жасаудың һас шеберлері өздерінің жаттығуда пайдаланатын құпия әрекеттерін бүгін пайдалануы мүмкін. Ал, Словакия құрамасына келетін болсақ, топтық кезеңнің алғашқы ойынында Уельске жол берген футболшылар, ресей құрамасымен өткізген ойында жеңімпаз атанды. Англиямен тең тарқасқан құрама бүгін неміс машинасымен бақ сынасады.  

Сонымен бұл ойынға букмекерлік орталықтар Германия құрамасының жеңісіне – 1,52 тең ойынға – 4,11 Словакия құрамасының жеңісіне – 8,25 коэффициент беріп отыр. 

Мажарстан (Венгрия) - Бельгия

Мажарстан (Венгрия) мен Бельгия арасындағы ойынның жеңімпазы, келесі турда Уельс құрамасымен кездеседі. Мажарстан құрамасы бұл чемпионаттың сенсациялық жаңалығына айналды. Топтық кезеңнің ойындарынан жеңіліс таппай, мықты деген Португалияның өзімен 3-3 есебімен тең тарқасты. Бельгия құрамасы да осал емес. Команда ойыншылары жас болғанымен, еуропаның мықты клубтарында өнер көрсетеді. Топтық кезеңде Италиядан жеңілген бельгиялықтар Ирландия мен Швециядан жеңісті жұлып алды. Қос мықтының арасында кімнің жеңімпаз атанатынын жасыл алаңдағы тартысты футбол шешеді.

Сонымен бұл ойынға букмекерлік орталықтар Мажарстан құрамасының жеңісіне – 6,12 тең ойынға – 3,55 Бельгия құрамасының жеңісіне – 1,74 коэффициент беріп отыр.   

B. ZHAQSYMBET