Массагет бәйгесі. Жеңімпаз атануға асығыңыздар

Массагет бәйгесі. Жеңімпаз атануға асығыңыздар
Фото: ekhoplanet.ru

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының үшінші күніндегі ойындар өтеді. Іріктеу кезеңінде Қазақстанмен бір топта ойнаған Түркия Хорватиямен, Польша мен Солтүстік Ирландия, Германия құрамасы Украинамен ойнайды.

Түркия - Хорватия

Романтика елінде болып жатқан Еуро 2016 ойындары басталғаннан-ақ талайды таңқалдыруда. Өздерінің ойын өрнегін көрсетіп кубокты иемденіп кетуге келген спортшылар жасыл алаңда атой салып, қарсыласын жайратып салуға дайын екендігін алғашқы ойындардан аңғартты. Осындай қызыққа толы бәсекелес кездесулердің бірі Түркия мен Хорватия құрамаларын арасында болмақ. Сарапшылардың сөзіне жүгінсек, бүгінгі ойын тартысы болуы ықтимал. Себебі қос команда да өздерінің барын салып үш ұпайды еншілеуді көздеп отыр. Тарихында 5 рет кездесіп 3 рет Хорваттар өздерінің басымдылығын байқатса, қалған екі ойынның негізгі уақытында тең есеп тіркелген. Соның бір ойынының тағдыры пенальти арқылы шешілген. 2-1 есебімен басым түскен түріктер сол уақытта жеңіске жеткен.  

11.06.1996 Түркия – Хорватия 0:1. 
31.03.2004 Хорватия – Түркия 2:2; 
20.06.2008 Хорватия – Түркия 0:0 (1:2 пен.);  
11.11. 2011 Түркия – Хорватия 0:3;  
15.11. 2011.Хорватия – Түркия 0:0; 

Бүгінгі ойында қос команданың сапынан көреміз деген ойыншылардың тізімі төмендегідей: 

Түркия: Волкан – Гекхан Гюнул, Топал, Семих, Эркин – Инан, Озякуп – Арда Туран, Чалханоглу, Малли – Бурак Йылмаз.

Хорватия: Субашич – Срна, Чорлука, Вида, Стринич – Модрич, Бадель – Пьяца, Ракитич, Пирич – Манджукич.

Агрессиялық күйде жүретін Түріктер қарсыластарын сан соқтыра алатын күшке ие. Команданың жұлдызды ойыншыларының бірі – Арда Тұран. Фатих Терім жаттықтыратын команда осы ойыншының гол соғуына көп жағдай жасауы мүмкін. 

Букмекерлік орталықтар ойында Түркия құрамасының жеңісіне – 3,79, тең ойынға – 3,25, словактар жеңісіне 2,18 коэффициент беруде. 

Польша - Солтүстік Ирландия

Еуропа чемпионатының С тобындағы алғашқы құрамалар бүгін Ницца қаласының "Альянс Ривьера" стадионында кездеседі.   

Қос құрама да іріктеу кезеңінде тамаша ойын өрнегін көрсете білді. Неміс машинасына жол беріп екінші орынмен еуропа чемпионатына жол тартқан Поляктар 33 голды өн еншілеріне жазса, Солтүстік Ирландиялықтар сенсация жасап бірінші орынды ешкімге бермеген екен. Бірақ, қос команданың ойындарын үзбей көретін сарапшылар бүгінгі жасыл алаңның жеңімпаздары деп Польша құрамасын есептеп отыр.

Бүгінгі жасыл алаңнан көреміз деген команда ойыншыларының тізімі төмендегідей:

Польша: Щесны – Пищек, Глик, Саламон, Енджейчек – Блащиковски, Крыховяк, Зелински, Гросицки – Милик, Левандовски.

Солтүстік Ирландия: МакГоверн – Макнэйр, Эванс, Каткарт, Маколи, Ш. Фергюсон – С. Дэвис, Норвуд, Бэйрд – Лафферти, Уорд.

Букмекерлік орталықтар ойында Германия құрамасының жеңісіне – 1,63, тең ойынға – 4,05, словактар жеңісіне 5,09 коэффициент беруде.  

Германия - Украина

Бүгінгі футбол күнін қорытындылайтын Германия мен Украина арасындағы тартысты кездесу болмақ. Әлем чемпионатында топ жарған неміс машинасы бұл ойынның фавориті саналуда. Алайда, соңғы жолдастық кездесу нәтижесіне көз жүгіртсек 2011 жылы Украина өз алаңында Германия құрамасымен 3:3 есебімен тең тарқасқан екен. Тарихында 5 кездесу өткізіп, екеуінде топ жарған Иоахим Лёв шәкірттері қалған ойындарды тең аяқтаған.

11.11.2011 Украина – Германия 3:3;
14.11.2001 Германия – Украина 4:1;
10.11.2001 Украина – Германия 1:1;
07.06.1997 Украина – Германия 0:0;
30.04.1997 Германия – Украина 2:0.

Назарларыңызда жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегіне жылулық сыйлап, құрамасына жеңіс әкелетін спортшылардың тізімі.

Германия: Нойер – Хеведес, Боатенг, Мустафи, Эктор – Кроос, Швайнштайгер – Мюллер, Езил, Дракслер – Сане.

Украина: Пятов – Федецкий, Хачериди, Ракицкий, Шевчук – Степаненко, Рыбалка, Гармаш – Ярмоленко, Коноплянка – Зозуля.

Өзіңіздің болжамыңызды ойын басталуына 5 минут қалғанға дейін жазып қалдыра аласыз. Ендеше керемет ойын мен тамаша ойдың нәтижесін күтейік.

Бәйгеге қатысушылар рейтингін мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

B. ZHAQSYMBET