- Негізгі бет
- Еуро-2016
- Массагет бәйгесі. Жартылай...
Массагет бәйгесі. Жартылай финалға болжам жасаңыз
2016 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финал ойындары басталып, алғашқы жұптың кездесуінде Португалия құрамасы Уэльс құрамасынан басым түскенін хабарлаған болатынбыз. Бүгін екінші жұптың, яғни Германия мен Франция құрамаларының арасындағы кездесу өтеді.
Өз жанкүйерлерінің алдында ұятқа қалмауды ойлаған француздар да, Әлем чемпионатындағы жетістігін Еуропа чемпионатында қайталауды мақсат тұтқан немістер де осал емес. Қос құраманың жартылай финалға жету жолы оңай болған жоқ және екеуі де доданы жеңіспен аяқтауды көздеп отыр. Көпшіліктің сөзі бойынша, бүгін финалға бергісіз ойын болмақ.
Букмекерлік орталықтар да екі команданың шамасын тең бағалап отыр. Олар немістердің жеңісіне 2.92, француздардың жеңісіне 2.8, ал тең нәтижеге 3.12 коэффицент берді. Айта кетерлігі, бұл негізгі уақыттағы жеңіске берілген коэффиценттер. Келесі кезеңнің жолдамасы ойын соңындағы пенальтиде де шешілуі мүмкін.
Y. Almabek