Массагет бәйгесі. Болжам жасап бақ сынаңыз

Массагет бәйгесі. Болжам жасап бақ сынаңыз
Фото: russia-now.com

Бүгін Францияда жерінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатынның 1/8 финал ойындары басталады. Бірінші болып Сент-Этьен қаласындағы "Жоффура Гишар" стадионында Швецария мен Польша бақ сынасса бұдан бөлек Уэльс құрамасы Солтүстік Ирландиямен және Хорватия мен Португалия командалары бір-бірмен кездесетін болады. Ендеше әр кездесуге жеке тоқтала кетсек.

Швецария - Польша

Екі жыл бұрын жолдары түйіскен қос құрама тең нәтиже көрсетіп ұпай бөлісіп қайтқан. "А" тобында өнер көрсеткен Швецария құрамасы топтық кезеңнен 5 ұпай жинап 1/8 финалға шыққан. Франция. Румыниямен тең түсіп, Албаниядан айласын асырған швецариялықтар бүгінгі ойында қандай нәтиже көрсететіні белгісіз. Ал, поляктар Солтүстік Ирландия мен Украина құрамасына қарсы жақсы ойын өрнегін көрсетіп жеңісті команда атанған. Тек, неміс машинасымен ұпай бөлісті. Бүгін кездесетін қос қарсыластың күші бірдей. Ойламаған жерден гол салып командаларын алға сүйрейтін ойыншылар жетерлік. Сондықтан мамандар бұл ойынның тартысты болатынына күмән келтірмейді.

Букмекерлік орталықтар ойында Швецария құрамасының жеңісіне – 3,3 тең ойынға – 2.93, Польшаның жеңісіне – 2.67 коэффициент беріп отыр.

Уэльс - Солтүстік Ирландия

Бүгінгі күннің екінші ойыны Британдық дерби болмақ. Уельс құрамасы Солтүстік Ирландиямен келесі турға өту жолдамасын сарапқа салады. Екі құрама да еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Топтық кезеңнен үшінші орынмен шыққан Уельс құрамасы бүгінгі ойында фаворит саналуда. Гарет Бейл бастаған жігіттер бүгін қарсыластың қақпасына допты оқша боратуы мүмкін. Алада, ирландықтарды да оаңай шағылар жаңғақ дегенге келмейді. Бұл екі команданың қайсысы бүгін жеңіске жетсе, келесі ойынды Мажарстан мен Бельгияның біреуімен кездсетін болады.

Аталған ойынға букмекерлік орталықтар ойында Уельс құрамасының жеңісіне – 2, тең ойынға – 3.08, Солтүстік Ирландияның жеңісіне – 5.04 коэффициент беріп отыр.

 Хорватия - Португалия

Францияның Ланс қаласындағы "Боллар-Делелис" стадионында Хорватия мен Португалия құрамалары кездеседі. "Д" тобынан бірінші орынмен шыққан хорваттар, мықты деген Испания құрамасын шаң қаптырып кетті. Ал, Португалия құрамасы өз тобында бір жеңіске жеткен жоқ. Тек тең нәтижеге қол жеткізіп үшінші орынмен 1/8 финалға жолдама алды. Соңғы рет өзара жолдастық кездесуде 2 рет кездсекен құрамалардың жеңімпазы португалдықтар болған. Роналду мен Нани бастаған жігіттердің мықты шабуылы қандай нәтиже беретінін алдағы уақытта байқайтын боламыз. Ал Лука Модрич пен Марио Манджукичтің тамаша жұбы бұл ойында португалдықтардың дегенін істете қоймайды. 

Букмекерлік орталықтар ойында Хорватия құрамасының жеңісіне – 2,74,  тең ойынға – 3.02, Португалияның жеңісіне – 3.08 коэффициент беріп отыр.

B. ZHAQSYMBET