Футболдан Еуропа лигасының «В» тобындағы Англия мен Уэльс арасындағы ойын аяқталды. Францияның Ланс қаласында өткен додада ағылшындар ежелгі қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты.
Бірінші таймда Уэльс құрамасы жеңіске жетіп шықты. 36 минутта Гарет Бэйлдың айып соққысынан тепкен добын Джо Харт сәтсіз қайтарып, гол соқтырып алды. Екінші таймда Рой Ходжсон шабуылшы Хари Кейнды Джейми Вардиге алмастырды. Нәтижесінде «Лестер» командасы сапында Англия чемпионы атанған шабуылшы 55 минутта таразы басын теңестірді.
Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Даниэл Старридж Англия құрамасына жеңіс сыйлаған голды соғып, валлийлік құраманы сан соқтырып кетті. Ол да екінші тайм басында Рахим Стерлингті алмастырған болатын.
Англия - Уэльс 2:1 (0:1)
Голдар: Бэйл 42 (0:1), Варди 56 (1:1), Старридж 90 (2:1).
Ескерту: Дэвис 61.
Англия: Харт, Кэйхилл, Роуз, Уокер, Смоллинг, Алли, Дайер, Лаллана (Рэшфорд 73), Стерлинг (Старридж 46), Кейн (Варди 46), Руни.
Уэльс: Хеннесси, Уильямс, Дэвис, Тэйлор, Честер, Бэйл, Рэмзи, Робсон-Кану (Уильямс 72), Аллен, Ледли (Эдвардс 67), Гантер.
Төрешілер: Феликс Брих, Марк Борш, Штефан Лупп (все - Германия).
16 маусым. Ланс. Стадион "Болларт-Делелис".
Бүгін Англия мен Уэльс құрамаларынан өзге Украина мен Солтүстік Ирландия, Германия мен Польша құрамалары кездеседі.