Алматылық футбол әрі құмар ойындар жанкүйері Германия құрамасына үлкен көлемдегі қаражатын сеніп тапсырды. Нақтырақ айтсақ, ол осы құрама Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалына өтеді деген сеніммен 13.5 млн теңгесін тіккен.
Букмекерлердің 1/4 финалда Италия құрамасына қарсы өнер көрсететін немістерге берген коэффиценті аса жоғары емес. Дегенмен тігілген қаржының көлемі көп болғандықтан Германия құрамасы жартылай финалға өткен жағдайда алматылық 24.3 млн теңге ұтысқа ие болады.
13.5 млн теңгенің тағдыры 2 шілдеден 3 шілдеге қараған түні шешілмек. Германия мен Италия арасындағы ойын Астана уақыты бойынша 01:00-де басталады. Немістердің қазіргі Әлем чемпиондары екенін, ал италиялықтардың Еуропа чемпиондары испандарды ұтқанын ескерсек, бұл ойында нақты басымдықты бір құрамаға беру қиын.