2016 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды

2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті. Алғаш рет 24 құрама қатысқалы жатқан дода 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді.

«А» тобы: Франция, Румыния, Албания, Швейцария;

«В» тобы: Англия, Ресей, Уэльс, Словакия;

«С» тобы: Германия, Украина, Польша, Солтүстік Ирландия;

«D» тобы: Испания, Чехия, Түркия, Хорватия;

«Е» тобы: Бельгия, Италия, Ирландия, Швеция;

«F» тобы: Португалия, Австрия, Исландия, Венгрия;

Жарыс ережесіне сәйкес, әр топтан екі құрама бірден плей-офф кезеңіне жолдама алады. Ал үшінші орын алған 6 құраманың үздік танылған 4-і де плей-офф жолдамасына ие болады.