2016 жылғы Еуропа чемпионатының басты рәмізіне ат берілді

 2016 жылғы Еуропа чемпионатының басты рәмізіне ат берілді

Футболдан 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының басты рәмізіне есім тағылды. Осыған дейін, дүбірлі доданың басты рәмізі таңдалып, ал есімі дауыс беру нәтижесінде анықталатыны айтылған еді.

УЕФА ресми сайтында басты рәміздің есімін анықтау үшін дауыс беру рәсіміне 107 790 адам қатысқан. Үміткерлікке ұсынылған үш есімнің ішінен «Супер Викторға» 51781 оқырман дауыс берсе, «Гоаликсқа» - 26678, «Дриблуға» - 26678 қатысушы дауыс берген. Сонымен, Франция елінде өтетін Еуропа чемпионатындағы басты рәміз - желбегей жамылған балақайдың есімі — «Супер Виктор».

Айта кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтеді. Француздардың 10 қаласында өтетін додаға 24 құрама қатысатын болады.

Сурет:sports.ru

О. Сансызбай