Украина мемлекеті "Еуро-2012" дүбірлі дода кезінде шылым шегуге тыйым салды. Біреуге үлкен қайғы болып көрінуі мүмкін... Әрине, шылымға тәуелділік шынында сынға алып, адамды тезге салатындай. Алайда, шылымсыз да адамның өмір сүре алатынын Украина мемлекеті дәлелдемек.
Украинаның жоғарғы Радасы "Еуро-2012" додасы кезінде шылым туралы жарнамаларды таратып жүрген немесе таратуға ден қойып жүрген адамдарға, жалпы шылым атаулыны шын жақсы көретін адамдарға шылым шегуге қатаң тыйым салады.
Сонымен жоғары Рада "2012 жылғы Украина жерінде өтетін Еуропа чемпионатының өткізілуі мен жүзеге асуы" атты заңның кейбір тармақтарына өзгерістер енгізді. Залда отырған 411-ге жуық депутаттың 303-і аталған заңға кіргелі тұрған өзгерістерді қолдап, өз дауыстарын қуана-қуана берді.
Енді осы заң күшіне енген сәттен бастап, үлкен ойын додасы кезінде темекі бұйымдарына қарсы шабуыл қарқынды жүрмек. Оларды яки шылымды тұтыну ашығын айтқанда қылмысқа айналатын болады...
Темекі өнімдерінің атақ-даңқы жарнаманы айтпағанның өзінде әлем бойынша танымалдылығы жағынан қырық атанға жүк болары сөзсіз. Өрімдей балалардың көрінбей барып, әлде ашық тұрып шылым тартуы денсаулықты жақсартудың кепілі емес. Енді осы іспетті мәселелердің тамырын баса отырып, жарнама, темекі өндірісін жарнамалауға шек қойғаны Украина мемлекеті туралы жақсы ойға қалдырады. Сананы тәрбиелеудің тиімді әдісі осы болса керек.
Сурет: obozrevatel.com