Бүгін Еуро-2012 турнирінің екінші топтық кезеңінде Украина құрамасы мен Франция құрамасы кездеседі. Кездесу «Донбасс Арена» стадионында өтеді. Әлі команда құрамы толықтай белгілі емес. Бірақ, өткен жолғы ойыншылар құрамы шығатыны сөзсіз. Екі команда да турнирдің үздік командалары қатарында. Әсіресе, Франция құрамасы. Аталған команда сапында кілең жұлдыздар ойын көрсететінін ескерсек, онда ойынды жеке шеберліктің арқасында шешіп кетулері мүмкін. Ал Блохин баптаған Украина құрамасы Шева бастаған тәжірибелі ойыншылардың ойынына сүйенетін болады. Бір айта кетерлігі, өз жерінде өтіп жатқан турнир болғандықтан, жанкүйерлердің қарақұрым болатыны ескерсек, онда белгілі бір деңгейде Украина құрамасында да басымдылық болады.
Ойындағы бас төреші - Бьорн Кейперс. Хорватия мен Ирландия арасындағы ойынға төрешілік еткен нидерландық өте тәжірибелі маман болып саналады. Екі команданың сапындағы ойыншылардан көз сүрінерлік. Мәселен, Франция сапында қорғаныста "Тотенхэм" командасының ойыншысы Вильям Галлас, "Манчестер Ситиде" ойнайтын Гаэль Клиши, "Арсенал" сапындағы Бакари Санья мен Лоран Косьельни және "Манчестер Энайтед" командасының футболшысы Патрис Эвра ойын көрсетеді. Бұған қоса Рибери, Бензема секілді шабуылдау шебіндегі ойыншыларды қосыңыз. Ендеше, бүгінгі ойын жай ойынның бірі емес.
Ал Украина құрамасының сапында мәскеулік "Динамо" командасының ойыншысы Андрей Воронин мен Шевченко бар. Артемды да бұл қатардан шығармаңыз. Көріп отырғандай бұл команданың да өз көзірлері бар. Кез келген сәтте ойын тағдырын шешіп кете алатынын Шева дәлелдеп берді. Оның үстіне жанкүйерлердің ыстық қолдауы командаға тың серпін мен жігер береп тұратыны анық.
Мамандар тарапынан көпшілік жеңісті француздардікі деп теліп отыр. Бірақ, бұл Украина құрамасы жеңіліп қалады деген сөз емес. Қос команданы да топтық кезеңнен шығады деген сенім бар. Ойын алдындағы пресс-конференцияда екі жақтың бапкері де артық ауыз сөзге бармады. Бар болғаны, француздардың шабыт қысса қалай ойнайтыны айтылды. Сосын Шеваға айбар оралса, бұрынғы "Милан" сапында жасындай жарқылдаған Еуропаның ең үздік ойыншысын тоқтату қиынға соғатыны сөз етілді.
Одан кейінгі ойын Англия мен Швеция құрамасы арасында болады. Ойын 00:45-те Киев қаласында өтеді.
Суреттер: football.sport-express.ru; xn---2012-gweu7er.xn--p1a
Дайындаған: Фараби Бақыт