Ресей құрамасы үйге қайтты

Грекия 1-0 Ресей

Төреші:  Йонас Эрикссон (Швеция)

Өткізілген күні: 16 маусым, 00:45

Греция: Сифакис, Цавеллас, Пападопулос, Папастатопулос, Торосидис, Маниатис, Кацуранис, Карагунис (Макос 67'), Самарас, Салпингидис (Нинис 83'), Гекас (Холебас 64')

Ресей: Малафеев, Анюков (Измайлов 81'), Игнашевич, А.Березуцкий, Жирков, Широков, Денисов, Дзагоев, Глушаков (Погребняк 72'), Аршавин, Кержаков (Павлюченко 46')
 Голдар:  Карагунис 45+2' (1:0)

 Ескертулер:   Карагунис 62'  ; Анюков 62' ; Жирков 70'  ; Дзагоев 71'   

Кеше А тобының топтық кезенінің соңғы ойындары өтіп, Ресей мен Грекия құрамаларының Варшавадағы кездесуі плей-офф тағдырын шешті. Жанкүйерлерін қуанта алмаған Ресейдің Еуро-2012 аясындағы ойындары осымен аяқталды.

Чехия мен Польшаға қарсы ойындарынан кейін, Грекияға қарсы ойын Ресейдің плей-оффқа билеті бола алар еді. Алайда бәрін соңынан шешекенді қалайтын Ресей құрамасы, бұл ойында қажетті 3 ұпай ала алмады.

Ресей құрамасының ойын сұлбасының тұрақтылығы Евро-2012 аясында жақсы көрінді. Бұл ойындағы Ресей құрамасындағы бір өзгеріс: Зыряновтың суық тигізіп алғанына байланысты оның орнында ойнаған Денис Глушаков. "Локомотив" тобының жартылай қорғаушысының ойыны да бұл жеңіліске бір әсерін тигізген болар.

Грекия құрамасының ойнау сұлбасында мынандай өзгерістер байқалды. Фернанду Сантуш амалсыз бір ауыстыру істеді: чехтармен болған ойында жарақат алған Халкиастың орнына Грекия қақпасын Сифакис қорғауға тұрды. Сол жақтағы Холебас орнына Цавеллас өнер көрсетті. Бұл Дзагоевтан қорғану амалы болған шығар. Шабуылда тәжірибелі Карагунис, Самарас, Гекас пен Салпингидис болды. 

Гректердің ойнау әдетіне үйреніп қалған баршылық, бұл жолы басқа ойынды бақылады. Ойынды өте белсенді бастап, оларға да бұл ойыннан тек жеңіс керек болғанын көрсетті. Қақпа қасындағы бірнеше қауіпті сәттер осыған дәлел, алайда бұл таблодағы санның өзгеруіне әкелмеді. Ресейліктер қорғанысының осалдығын түсіне отыра, гректерді қақпадан әрі қуу керек болған. Дзагоев қосылып, Широков пен Глушаков ортада ойнап, Кержаковтың да соққылары болды. Осылайша Ресей құрамасы қорғаныстан бәсең шабуылға көшті. 

Ортадан өте алмаған Ресей құрамасы, сол қанаттан шабуылдай бастады. Жирковтың шабуылдары грек қорғанысынан өтпей қойды. Алайда ойынның осы сәті маңызды болды. Гректер қорғанысқа өтіп, шабуылын бәсеңдетті. Ойын тыныштанып, бірсарынды бола бастады. 

Широковтың қақпаға жақындаған сәтінде Юнос Эриксон артынан итеріп құлатты. Төреші тек ескертумен шектеліп, қосымша соққы ұруға мұмкіндік бермеді. Таймның соңында алаңда қызық сезім орнады. Бір жағынан орыстардың ойны жақсырақ көрінсе де, гректер матчтың тізгінін ұстап, ойын барысын бақылап жүргендей болды. Осыған дәлел ретінде Карагунис бірінші таймның қосымша уақытында гол салды. 

Игнашевич, Денисов, Жирков, Малафеев... Бұлардың ешқайсысы грек капитанының соққысына төтеп бере алмады. Кержаков орнын Павлюченкоға беріп, шабуылдың қарқынын өзгеру мүмкіндігі туды. Алайда екінші таймда гректер қорғанысында қамал тұрғызды. Шабуылда да қарқындарын түсірмеген гректер екінші гол соғуға да мүмкіндіктері болды. Карагунистың құлағанын өтірік деп санаған төреші, 11-метрлі соққыдан орыстарды сақтап қалды. Глушаковты алмастырған Погребняк сол беті қақпаға жете алмады. Дзагоев қауіпті сәтті жіберіп алды, шабуылдары сәтті аяқталмады. Ресейліктер шаршап, жеңіске жетпейтінін түсінгендей болды.

 

 

Бір жағынан Вроцлавтағы ойын тең түссе, Ресейдің плей-оффқа шығуы мүмкін еді... Алайда Чехтардың голы мен өздерінің әрекет етпеуі Ресей құрамасының тағдырын шешті. Ресейліктер үйге қайтатын болды. 

 

Сурет: 2012.ua-football.com

Дайындаған: Сания Аринова