- Негізгі бет
- Еуро-2012
- Португалия жеңіске жете...
Португалия жеңіске жете ала ма?
Бүгін Астана уақытымен сағат 00:45-те Варшава қаласында Еуро-2012 турнирінің ширек финалдық ойыны өтеді. Бұл ойында Португалия құрамасы мен Чехия құрамасы кездесетін болады.
Екі команда да топтық кезеңнің бірінші ойынында жеңіліс тапқан болатын. Чехтар орыстардан ойсырай ұтылса, португалиялықтар немістерге есе жіберген-ді. Бір қызығы, бұған дейін Португалия құрамасы 2004 жылы дәл осылай бірінші ойында ұтылып қалған еді. Бірақ, ширек финалға өткен болатын.
Қос команда да аталған турнирде бірінші рет кездесіп отырған жоқ. 16 жыл бұрын чехтар португалиялықтардан 1:0 есебімен басым түсіп, нәтижесінде турнирдің күміс жүлдегері атанған.
Ойын алдындағы пресс-конференцияда Петр Чех Португалия құрамасының әлдеқайда мықты екенін, сапында кілең жұлдызды ойыншылардың өнер көрсетінін атап өтті. Және португалдықтарға голландықтармен болған кездесудегідей ашық кеңістік бермеу керектігін, Роналду бастаған ойыншылардың өз ойынын жүргізіп кетпеуге барын салу қажеттігін жасырмай айтты.
Ал Португалия құрамасының бас бапкері Паула Бенту болса қарсылас командадан аса қатты қорқып отырған жоқ. Тек тактиканы дұрыс таңдап, жөні түзу ойын көрсетсек болды деп санап отыр.
Қай жеңіске жеткен команданың да алдағы қарсыласы оңай болайын деп тұрған жоқ. Испандар мен француздардың бірімен ойнайтын болады.
Айтпақшы, бұл ойында ағылшындық Ховард Уэбб төрешілік етеді.
Суретші:vseprosport.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига