Олич Еуро-2012-ге қатыса ма?

Олич Еуро-2012-ге қатыса ма?

Хорватия құрамасының шабуылшысы Ивица Олич норвегиялықтармен болған жолдастық кездесуде сан еті жарақатын алуы салдарынан Еуро-2012-ге қатыспауы мүмкін,- деп хабарлады ұлттық құраманың бас дәрігері Зоран Бахтиярович. 

Сенбі күні Ослода өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді. Олич екінші таймның басында алаңға шығып, ойынның 72-минутында оң сан етін зақымдап алуына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. 

"Оличтің Еуропа чемпионатында өнер көрсететініне кепілдік бере алмаймын. Біз бұлшық еттерінің икемділігін анықтау үшін Осло стадионында жедел медициналық тексеру жасадық. Барлығы жақсы сияқты, бірақ оған дүйсенбі күні Мюнхенде жіті тексеруден өту қажет", - деді Бахтиярович.

Ал жақында "Бавариядан" "Вольфсбургке" ауысқан 32 жасар шабуылшы былай дейді: "Мен оптимиспін. Алғашқы медициналық тексерулер менің Еурода ойнай алатынымды көрсетті, дегенмен толық тексеру нәтижесін күтейік", - 

Хорватия құрамасына келетін болсақ, ол С тобында ойнайды. Оның қарсыластары Ирландия (10 маусым), Италия (14 маусым) және Испания (16 маусым) құрамалары. 

Сурет: live-football.ru

Ж. FM