Германия құрамасы Италияға не себептен жеңілді? Осы төңірегінде аз-кем қазбалап көрсек.
Футболда "тіресуге келмейтін қарсылас" деген ұғым бар. Оның айқын дәлелі ретінде Германия мен Италия құрамалары арасындағы әр жолғы ойынды алсақ болады. Германия Италияға 1970 жылы да, 1982 жылы да есе жіберген екен. Одан кейін Германияда өткен чемпионатта тағы тоғысып, тағы да жеңілістің ащы дәмін татқан болатын.
Енді міне, араға уақыт салып жеткен ойында Германия құрамасы жеңіліп отыр. Бір қарағанда турнирдегі ең үздік команданы чемпион болады деп көпшілік күткен еді. Алайда, Италияға қарсы өткен ойын да көпшілікті қайран қалдырды. Италия Германияның шынайы бет-пердесін ашып берді.
Германияға жетпейтін кемшілік - мінез жоқ. Команда қай жолғыдай Италияны шеберлікпен жеңіп алам деп ойлады. Бірақ, Чезаре Пранделли баптаған итальялықтар бәрін теріске шығарды. Біріншіден, футбол ешқашан мінезсіз болмаған. Сол үшін де миллиондаған жанкүйерлер түн ұйқысын бұзып көреді. Сол үшін де бәстеседі.
Мәселен, ойын аяқталған соң Хуммельс пен Бадштубер алаң жиегіне барып түк болмағандай отырды. Егер турнирдің ең соңғы бел-белесіне жеткен команда болса және өте жақсы ойын өрнегін көрсетсе, онда неге іштеріндегі эмоцияны, ыза мен күйікті сыртқа шығармайды. Себебі, шығаратын түк те жоқ. Әдемі ойын өрнегі мен шеберлік қана жетеді деп мінезді жоғалтып алған. Ал мінезсіз ойын футболда ұзаққа бармайды.
Сурет: vesti.kz
Дайындаған:Фараби Бақыт