Лам: "Жеңісті жұлып алатын мүмкіндік болған"

Германия құрамасының капитаны Филипп Ламның ойынша, оның командасы екінші ойын бөлігінің басында мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланғанда, Италияны жеңіп кететін еді.

"Әрине, қазір көбінің көңіл-күйлері түсіп кеткен. Біз бірнеше орынсыз қателіктер жіберіп қою арқылы итальялықтарға гол соғатын сәттерді сыйладық. Екінші ойын бөлігінде бар күшімізді салдық. Бірақ, есеп айырмасын тым кеш қысқарттық. Үзілістен соң бізге қақпаның осал тұсын табатын тамаша мүмкіндіктер келген-ді. Сол кезді пайдаланғанда, ойындағы есепті теңестіріп және жеңісті жұлып ала алатын ба едік. Сонда да қарсыласқа оңай гол соқтырмауға тиіс едік"- деді УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.  

"Италия құрамасы - өте шебер команда. Егер қателіктер орын алып жатса, біз сияқты екі гол соғатын сәттегідей, онда қиындық міндетті түрде болады. Өмір түпкілікті қиындай түседі. Бізде де қауіпті сәттер болған еді. Бәлкім, бүгін біздің күн болмаған шығар. Біз есепті теңестіру үшін бәрін жасадық. Алайда, біз үшін қателіктер көпке түсті"- деп Лам сөзін ары қарай өрбіте түсті.

"Кез келген жеңілісті ренішті және жанға батады деп айтуға болады. Әсіресе, турнирдің осыншалық жолын еңсеріп келгенде. Әрқашан финалға жететін жолды күні бұрын ойластыратынбыз.  Бүгін онымыз жүзеге аспады. Ренішті, себебі бізде үлкен мүмкіндік бар еді. Бірақ та, егер осынша мүмкіндікті керек кезінде жүзеге асыра алмасаң немесе қадамдарың ақылсыз болып жатса, онда бүгінгі сияқты ойында ұтылып қалады екенсің" - деп сөз соңында қоса кетті. 

Сурет:ru.uefa.com

Дайындаған: Фараби Бақыт