Қос мықтының ойыны

Франция - Англия - 1:1 Самир Насри, 39 - Джолеон Лескотт, 30

Франция: Уго Льорис, Адил Рами, Матьё Дебюши, Патрис Эвра, Филипп Мексес, Алу Диарра, Флорен Малуда, (Марвин Мартин, '85), Самир Насри, Франк Рибери, Йоан Кабайе, (Хатем Бен Арфа, '84), Карим Бензема

Англия: Джо Харт, Глен Джонсон, Джолеон Лескотт, Джон Терри, Эшли Коул, Джеймс Милнер, Скотт Паркер, (Джордан Хендерсон, '78), Стивен Джеррард, Даниэль Уэлбек, (Тео Уолкотт, '91), Эшли Янг, Алекс Окслейд-Чемберлен, (Джермейн Дефо, '77)

  - Алекс Окслейд-Чемберлен, 34. Эшли Янг, 71.

2012 жылғы Еуропа чемпионатының төртінші күнгі ойында "Донбасс Арена" стадионында Англия құрамасы мен Франция құрамасы кездесті. Ішкі біріншіліктерде жан алысып, жан берісіп жүрген ойыншылар футбол тойына сақадай-сай шықты. Еуропаның төрінде жайғасқан қос алып державаның жайдан-жай есе жібере қоюы неғайбыл еді. Әсіресе, футболда...

Рой Ходжсон баптаған Англия құрамасы алаңға өздерінің үйреншікті жұлдызды құрамдарымен шықты. Тек Уэйн Рунидің дисфиликацияға байланысты шықпай қалғаны бомаса, Френк Лэмпордтың жарақатына байланысты турнирге қатыспайтынын санамасақ, онда аталған құрам өз бабы мен үйреншікті футбол ойынын жүргізуге дайын еді. Бас бапкер де журналистерге берген сұхбатында Англияның ылғи күшті командалармен ойнайтынын атап өтіп, бүгінгі ойынның сақтықпен өтетінін жасырмаған. 

Ал Франция құрамасы осы ойынның фавориті саналды. Оған себептер де жоқ емес. Біріншіден, аталған құрамаға бапкер болып Лоран Блан келгелі ойын мәнері де өзгеріп, командалық ойын пайда болып келе жатыр еді. Орталық алаңда Насри ойқастаған, алдыңғы шепте Бензема бастаған сұрмерген ойыншылар әріптестерін қас-қабағынан түсініп, қарсы қақпаға кез келген сәтте қатер туғызатын. Оның үстіне бірнеше жылға созылған сүреңсіз ойындар артта қалған-ды... 

Сонымен, Марк Клаттенбургтің ысқырығынан  соң, футбол спектаклі басталды да кетті. Алаң ортасындағы тартыстар алма-кезек шабуылдарға ұласып, екі командаға да мүмкіндіктер туындады. Атап айтсақ, қай жолғыдай "Бавария" командасының ойыншысы Франк Рибери белсенділік танытты. Ол сәт сайын қаптал шетінде "соғыс ашып", қорғаушылардың зықысын шығаруға тырысты. Ал Англия құрамасы бүкіл айла-шарғысын ішінде жасыра жүріп, сәті түскенде пайдалана алды. Нақтысын айтсақ, 30 минуттан асқан сәтте кезекті ереже бұзу орын алды. Айып добына команда капитаны Стивен келді. Қақпаға қарай асырып салып, нәтижесінде Джон Лескотт Льорис қорғаған қақпаға допты тоғыта салды. Сөйтіп, есеп ашылды. Англия құрамасын "Манчестр сити" қорғаушысы алға шығарды.

Бірақ, француздар да қарап қалған жоқ. 39-минутта Патрис Евра мен Франк Рибери майда пастармен қарсылас қақпаға адымдап жүріп, Насриге әдемі пас берілді. Өз кезегінде ішкі біріншіліктің чемпионы қарап қалсын ба, шіреніп тұрып жақын бұрышқа тебе салды. Өз қорғаушылары алдын жапқандықтан, сәл кешігіп қалған Харт гол жіберіп алды. Есеп: 1:1.

"Ескі жау атыспаққа жақсы"-деді ме франуздар мен ағылшындар екінші ойын бөлігінде асықпай қимылдады. Бірде Бензема, бірде Дефо ойқастаған ойынның басым бөлігі орталық алаңда өтті. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/zygOaYIwMkY?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});

Бейнебаян: You Tube

Сурет: sports.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт