Жаттықтырушылардың жалақысы

Жаттықтырушылардың жалақысы

 

Ұлттық құраманың сәтті болуының кепілі неде? Жаттығу деңгейі, командалық ойын, жанкүйерлер қолдауы... Жақсы ойын көп факторларға байланысты болады. Алайда басты мәселелердің бірі - жаттықтырушының жұмысы. 

Биылғы Еуроға қатысқан 16 команданың 3 құрамасында ғана шетел жаттықтырушылары жұмыс жасайды екен. Олар португалдық Фернанду Сантуш (Грекия), итальяндық Джованни Трапатонни (Ирландия) және голландиялық Дик Адвокат (Ресей).

Еуро-2012 чемпионатына қатысатын ұлттық құрамалардың жаттықшыруларының жылдық жалақысының рейтингімен таныс болыңыздар. 

Хорватия Славен Билич  160 мың. евро
Чехия Михал Билек 200 мың. евро
Польша Францишек Смуда 300 мың. евро
Дания Мортен Ольсен 390 мың. евро
Швеция Эрик Хамрен 400 мың. евро
Грекия Фернанду Сантуш 500 мың. евро
Украина Олег Блохин  600 мың. доллар
Франция Лоран Блан 1,2 млн. евро
Испания Висенте Дель Боске 1,5 млн. евро
Португалия Паулу Бенту 1,5 млн. евро
Ирландия Джованни Трапаттони 1,5 млн. евро
Голландия Берт Ван Марвейк 1,8 млн. евро
Германия Йоахим Лев 2,5 млн. евро
Англия Рой Ходжсон 2 млн. фунт
Италия Чезаре Пранделли  3 млн. евро
Ресей Дик Адвокат 7 млн. евро

 

Әрине, жаттықтырушының жоғары жалақысы құраманың жеңісі тұрмақ, керемет ойынының көрсеткіші емес. Бұған Ресей құрамасы дәлел. Ойындары жаман болмаса да топтық кезеңнен әрі шыға алмау үшін 7 млн төлеу қажет па еді?

Салыстырып көріңіз, қазіргі кезде танымал, кәсіпқой жаттықтырушы Жозе Моуриньоның жылдық жалақысы әлем бойынша ең жоғары, 10 млн евро құрап отыр. Бірақ Жозе ағамыз бұл ақшасын ақтай алатын сияқты.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: zenitbol.ru

С. А