Италия топтан шықты

Италия топтан шықты

Еуро-2012 турнирінің топтық кезеңінің соңғы күнінде Испания құрамасы мен Ирландия құрамасы кездесті. Жанкүйерлердің ыстық ықылысымен алаң ортасына шыққан итальяндықтарға жеңіс ауадай қажет еді.

Чезаре Пранделли баптаған Италия құрамасы төрт қорғаушы жүйесімен ойнады. Ойынға бірінші минуттардан Балотели қосыла алмады. Оның орнына Ди Натале шықты. Сөйтіп, итальяндықтар өздеріне үйреншікті ойын мәнерімен жеңіске жетуге тиіс болатын. Солай болды да. Алғашқы минуттардан-ақ қарсы қақпаға лап қойған Пирло бастаған ойыншалар өз бақтарын шабуылда сынап көрді. Ең бірінші мүмкіндік Ди Натале де болды. Алайда, бұл жолы шабуылшы мүлт кетті. Кейінірек әріптесінің қателігін Кассано түзеді. 35-минутта Шея Гивен күзеткен қақпадан саңылау тауып ойындағы алғашқы голды соқты. Есеп:1:0.

Бұл уақытта Италия есеп айырмасымен өз тобында бірінші орынға шығып еді. Енді арғы ойындағы хорваттар мен испандар да гол салуға тырысты. Соныме не керек, Италия құрамасы өзіне керек голды салып алған соң аспай-саспай ойындарын жүргізуге тырысты. Бірде Кассоно мен  Бальцаретти тамаша ойын комбинациясын ұйымдастыра біліп еді. Шешуші сәтте сәттілік жетіспей қалды.

Бір уақытта Ди Наталидің орнына Балотели шықты. Алаңға ойқастап шыққан қара нәсілді ойыншы қақпаны бірден торуылға алды. Ал бұл кезде Италия сапында жалғыз шабуылшы сол болатын. Оның үстіне ирландықтар 70-ші минуттардан соң ес жинап үлгерді. Сәт сайын айып алаңында Буффон қорғаған қақпаны мазалай берді.

90-минутта Балотели екінші голды соқты. Айып алаңына келген допқа әупірімдеп  жүріп бірінші жеткен "Манчестер Сити" ойыншысы өз мүмкіндігін зая кетірмеді. Есеп:2:0.

Италия өз тобында екінші орынмен келесі кезеңге өтті.


Суреттер:ua.championat.com

Дайындаған:Фараби Бақыт

Л. Лига