- Негізгі бет
- Еуро-2012
- Хорватия топ көшбасшысы...
Хорватия топ көшбасшысы
Голдар: 3' Манджукич (0:1); 19' Сент-Леджер (1:1); 43' Елавич (1:2); 48' Манджукич (1:3);
Ирландия: Гивен, Данн, О'Ши, Уорд, Сент-Леджер, МакГиди (Кокс, 54), Дафф, Уилан, Эндрюс, Дойл (Уолтерс, 53), Кин (Лонг, 75).
Хорватия: Плетикоса, Срна, Чорлука, Шильденфельд, Стринич, Модрич, Ракитич (Дуймович, 90+2), Перишич (Эдуардо, 89), Вукоевич, Елавич (Краньчар, 72), Манджукич.
Ескертулер: Эндрюс, 45+1 - Модрич, 53, Краньчар, 84.
Төрешілер құрамы:
Бас төреші: Бьорн Кейперс.
Көмекшілері: Сандер ван Рукел, Эрвин Зейнстра.
Төртінші төреші: Пол ван Букел, Ричард Лисвелд.
Стадион: «Миежски» (Познань)
Ойын алдында букмекерлік кеңселерде берілген баға: жеңіс 1 - 3,43 | тең есеп - 2,93 |жеңіс 2 - 2,23
Бұл ойын бұрынғы ойыннан өзгерек болды. Ирландия мен Хорватия құрамалары миллиондарға арналған футбол спектаклін қойды.
Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өтіп, үлкен додаға келіп кірген Ирландия командасын турнирдің аутсайдер командасына жатқызғандар бар. Әсіресе, мамандар тарапынан айқын жеңісті Хорватия құрамасына бергендер жетіп артыларлық. Бірақ, ағылшынша ойын өрнегін көрсететін ирландықтар жайдан-жай басымдықты бере қоюуы екіталай болатын.
Солай болды да. Төрешінің ысқырығы естілуі мұң екен, Срна бастаған ойыншылар қарсы қақпаға лап қойды. Ойынның бірінші минутынан басталған қарсы шабуыл екінші команданы есеңгіретпей қойсын ба? Сондай сәттердің бірінде, сағат тілі 3-ші минутқа ауысқан сәтте 13 метр жерден Срна айып алаңына доп тастады. Және Марио Манджукич Гивенді қапы қалдырып, ойындағы есепті ашты. Гол! Есеп:1:0 Хорватия алда...
Содан кейін ойын көркі қыза түсті. Кезекті бір шабуыл кезінде Шильденьфелд Дойылға қарсы ереже бұзды. Ал бұл сәтті ирландықтар жіберуге тиісті емес болатын. Себебі, ойын басталардан бұрын Ирландия құрамасының бас бапкері Джовани Трапоттони стандартты шабуылдарға қатты көңіл бөлеміз деген болатын. Ол сонымен қатар Ирландия құрамасының екінші қабаттағы мүмкіндігін атап кеткен еді. Сонымен ойынға оралсақ, сол жақ алаң шетінен МакГиди айып добын орындады. Әуелеп келген допқа бірінші жеткен Сенть-Леджер допты бағана торына қадай салды. Ойындағы есеп теңесе кетті.
Алма-кезек шабуылдардың бірінен соң бірі ойын бағытын жиі ауыстырып тұрды. Хорваттар бір сәтке болсын басылмады. Ал ирландықтар болса, өздеріне тән ұзын-ұзын пастарымен алаң арғы шеті мен бергі шетін әуедегі доп ізіне толтырды. Сондай бір шабуыл сәтінде Срнаның пас асыруы сәтсіз аяқталып, хорваттардың пайдасына бұрыштама добы берілді. Бұл жолы голдың кіруі мүлдем басқаша орын алды. Айып алаңынан шыққан доп хорват ойыншысының аяғына тиіп кері серпілді. Ал сол сәтте қақпа алдында жападан-жалғыз тұрған Никица Елавич допты еш қиындықсыз қақпаға бағыттай салды. Сөйтіп, хорваттар 2:1 есебімен алға шықты.
Екінші ойын бөлігіне екі команда да сақадай сай шықты. Бұл жолы әдеттегідей хорваттар алаң ортасында басымдылықты қолдарына алды. Ал ирландықтардың дәстүрлі пастары қанша асырылып жатса да, дәлдік жетіспегендіктен, қорғаушылардың дайын олжасына айналып жатты. Қарсыластарының кезекті қателіктерін дұрыс пайдаланған Срна бастаған ойыншылар ойынның 48-минутында тағы да есеп санын еселей түсті. Перешичтің орындаған айып добын тиімді пайдаланған Манджукич екі бірдей голдың авторы атанды.
Осыдан кейін, Хорватия құрамасының жеңісі күмәнсіз болатын. Үш голды еншілеріне байлап, байыпты түрде өз ойындарын жүргізіп жатты. Ойын сөйтіп аяқталды да. Тек ирландықтар ойын соңына қарай тәртіп бұзды демесеңіз, 90-шы минутта алған жалғыз бұрыштама доптарының қауіпті болғанын ескермесеңіз, Срнаның берген пасын пайдасына асыра алмаған Ракитичтің соққысын санамасаңыз, онда ойын түпкілікті аяқталған еді.
Бейнебаян: You Tube
Сурет: sports.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига