- Негізгі бет
- Еуро-2012
- Француздардың алғашқы жеңілісі...
Француздардың алғашқы жеңілісі
Швеция – Франция 2:0
Голдар: 1:0 – Ибрагимович (54), 2:0 – Ларссон (90).
ШВЕЦИЯ: Исакссон, Гранквист, Мельберг, Й.Ольссон, М.Ольссон, Свенссон (Холмен, 78), Чельстрем, Ларссон, Ибрагимович, Байрами (Вильхельмссон, 46) – Тойвонен (Вернблум, 78).
ФРАНЦИЯ: Льорис, Дебюши, Рами, Мексес, Клиши, Диарра, М'Вила (Жиру, 83), Бен-Арфа (Малуда, 59), Насри (Менез, 77), Рибери, Бензема.
Ойынға тән тағдыр. Күтпеген жеңіліс пен күттіріп қойған жеңіс...
Алғашқы минуттардан допқа иелік етуді фрацуздар мойнына алса, қорғаныстың шебер үлгісін шведтер көрсетуге тырысты. Екі бірдей команданың да бұқпантайлап ойнағанды жек көретіні анық, ойын өрнегі бірте-бірте алма кезек шабуылға ұласты. Ойынның бірінші жарты бөлігінде екі жаққа да да қос бірдей гол соғатын мүмкіндік келген... Мүмкіндік зая кетті. Зая кеткен мүмкіндіктің орнына әдемі ойын өргені жалғасын тауып жатты...
Екінші ойын бөлігінде алаңға Кристиан Вильхельмссон шыққан-ды. Француздардың сүттей ұйыған қорғанысын тас-талқан еткен, шведтердің екінші тынысын ашып берген осы ойыншы болды. Нәтижесінде, ойынның 52-минутында Ибрагимович өз мәнерімен соққы жасап, Уго Льористің қақпасынан саңылау тапты. Есеп ашылды:1:0.
Ал франуздар тайлы-таяғымен шеведтерді қысып тастады дерсіз. Орталық алаңда белсенділік танытқанмен, есесіне, қарсы қақпаның алдында ешнәрсе өндіре алмады. Керісінше, Себастьян Ларссон ойындағы екінші голды соғып, шведтердің жеңісіне түпкілікті нүкте қойды.
Енді француздар испандармен ойнайды. Финал алдындағы финал десе де болады.
Сурет:euro.championat.com
Дайындаған:Фараби Бақыт
Л. Лига