Фабрегастың Еуро-2012-ге қатысуы екіталай

Фабрегастың Еуро-2012-ге қатысуы екіталай

"Барселона" клубы мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегас Еуро-2012 чемпионатына қатыспауы мүмкін деп хабарлайды Marca.

Бірнеше күн бұрын Сеск артқы сан етіне жарақат алған болатын. Ұлттық құраманың медицина қызметкерлерінің болжамы бойынша, футболшы маусымның бесінші жұлдызында қатарға қосылуы керек. Алайда, дәрігерлердің ойынша, физикалық ауырлықтың әсерінен Фабрегас артқы сан етін үзіп алуы мүмкін, нәтижесінде ол екі ай емделуі қажет болады. 

Ақпарат көзінің хабарлауынша, жұма күні әлем чемпиондарының тренерлік штабы пен медициналық штабы осы мәселе жөнінде жедел жиналыс өткізеді. Айта кетсек, аталған футболшы Сербия және Оңтүстік Кореямен болған жолдастық кездесулерді жіберіп алған еді. Сонымен қатар Фабрегас 4 маусымда Қытай футболшыларымен болатын ойынға да қатыспайды. 

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын қазіргі әлем және Еуропа чемпиондары негізгі құрамада өнер көрсететін екі ойыншыдан (Давид Вилья мен Карлос Пуйольден) айырылып үлгерген еді.

Сурет: sport-express.ua

Ж. FM