Еуро-2012 чемпионатын Польша мен Украинаның 8 стадионы қабылдайды (әр елден 4 стадион).
Польша елі "Қалалық стадион" - Познань қаласы, "Ұлттық стадион" - Варшава қаласы, "PGE Arena" - Гданьск қаласы және Вроцлав қаласында орналасқан тағы бір "Қалалық стадионды" ұсынды. Ал Украин елі өзінің мынадай жұлдызды стадиондарын ортаға салды: "Донбасс Арена" - Донецк, "ОСК Металлист" - Харьков, "Львов Арена" - Львов және "НСК Олимпийский" - Киев.
Әрбір футбол аренасы үлкен мәртебе мен мақтауға лайық және әрбір ойыншыны, жанкүйерді, БАҚ өкілдерін жоғары дәрежеде қарсы алары еш күмән келтірмейді. Сонымен сіздердің назарларыңызға Еуро-2012 чемпионатын қабылдайтын стадиондарды ұсынамыз.
Киев - НСК Олимпийский
Жоспар бойынша өткізілетін матчтар: топтық турнир, ширекфинал, жартылай финал, финал
Орын саны: 77 000
Львов - Львов арена
Жоспар бойынша өткізілетін матчтар: топтық турнир
Орын саны: 33 400
Донецк - Донбасс арена
Жоспар бойынша өткізілетін матчтар: топтық кезеңдегі ойындар, ширек финал, жартылай финал
Орын саны: 50 000
Харьков - ОСК Металлист
Жоспар бойынша өткізілетін матчтар: топтық кезең
Орын саны: 50 000
Варшава - Ұлттық стадион
Жоспар бойынша өткізілетін матчтар: ашылу салтанаты, топтық кезең, ширек финал, жартылай финал
Орын саны: 63 000
Гданьск - PGE Arena
Жоспар бойынша өткізілетін матчтар: топтық кезең, ширек финал
Орын саны: 40 000
Познань - Қалалық стадион
Жоспар бойынша өткізілетін матчтар: топтық матчтар
Орын саны: 42 000
Вроцлав - Олимпиада стадионы
Жоспар бойынша өткізілетін матчтар: топтық кезең
Орын саны: 40 000
Сурет: metalist.ua, allstadiums.ru, championat.com, luxury-kiev-apartment.com