Еуро-2012 ойындарына бүкіл жұртшылықпен қосылып ойыншылардың сүйген жарлары мен қалыңдықтары да жанкүйерлік етуде. «Бизнес стиль» өз сүйгендеріне жанкүйерлік етуге келген футболшылардың ең сұлу қалыңдықтары мен жұбайларының тізімін ұсынды.
Сильвия Майхель – Германия құрамасының шабуылшысы Марио Гоместың сүйген қызы.
Лена Джерке – Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Сами Хедирдың сүйгені. Германия мен Португалия ойыны кезінде Лена әкесі екеуі футбол алаңының трибунасында тұрып жанкүйерлік етті.
Иоланта Снейдер – Голландия құрамасының ойыншысы Весли Снейдердың жұбайы.
Сара Карбонеро – спорт журналисі және Испания құрамасының қақпашысы Икер Касильясаның қалыңдығы.
Голландиялық актриса және тележүргізуші Сильвия ван дер Варт – Голландия құрамасының жартылай қорғаушысы Рафаэль ван дер Варттың жары.
Колумбиялық әнші Шакира Испания құрамасының қорғаушысы Жерар Пикенің сүйгені. Ол да бойфренді үшін Еуро-2012 ойынына арнайы келіп, Жерарға жанкүйерлік еткен.
Кэти Фишер – Германия құрамасы қорғаушысының құрбысы, ал Дженни – Марсель Шмельцердың сүйгені.
Роберта Маркизио – Италия құрамасының ойыншысы Клаудио Маркизионың жары, ал Кристина Де Пин – италиялық жартылай қорғаушы Риккардо Монтоливоның қалыңдығы.
Валерия Маджо – Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Маджоның жолдасы.
Сильвия Диаманти – Италия құрамасының ойыншысы Алессандро Диамантидің жұбайы.
Модель Ирина Шейк – Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналдудың қалыңдығы.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: spletnik.ru, kursiv.kz, rus.apollo.lv