Еуро-2012 қазір әлем жанкүйерлерінің көңілін көл қылып тұр. Әркім өз елінің құрамасын қолдап, жалпы футбол әлемінің қызықтарын тамашалауда. Матчтардан сәл демалып, Еуро-2012 жайлы қызықты фактілермен таныс болыңыздар.
Еуро-2012 жеңімпазы атанатын құрамаға 20 мың евроға бағаланатын кубок тиесілі болады. Кубок таза күмістен құйылған, салмағы 8 килограмм, биіктігі 60 сантиметр. 2012 жылғы "Еуроның" финалдық раундында 16 команда ойнайтын соңғы турнир болады. 2016 жылдан бастап финалдық раундта 24 құрама бәстесетін болады. Бұл Шығыс Еуропада алғашқы рет өткізіліп жатқан Еуропалық біріншілік. Чемпионатқа 136 футбол клубының 368 өкілі қатысады. Еуропа чемпионатының ешбір жеңімпазы өзінің титулын қорғап қала алмады. Биыл Испания жеңіске жетіп, тарихқа абыроймен кіруі әбден мүмкін. Германия құрамасы біріншіліктегі ең тәжірибелі құрама болып саналады. Олар Еуропа чемпионы атағына 3 рет қол жеткізіп, 10 рет финалдық ойынға қатысқан. Англия құрамасының футболшыларының барлығы өз чемпионаттарында өнер көрсетеді. Чемпионаттың финалдық ойындарына әр турнир сайын бір жаңа құрама қосылуы дәстүр болды. Биыл ол - Украина құрамасы. Ұлттық құрамасының ең жақсы бомбардир атағы неміс Мирослав Клозеге тиесілі. Ұлттық құрама ойындарында ол 63 гол салған екен. Ал ұлттық құрамалардың нағыз майталманы испандық Икер Касильяс. Ол Испания құрамасымен 129 матч өткізген екен.Ал сіз Еуро-2012 жайлы қандай қызықты деректермен бөлісе аласыз?
Дайындаған: Аринова Сания
Сурет: fresher.ru