Еуро-2012-де польшалық хитті әжелер орындайды

Еуро-2012-де Польша құрамасының ресми хиті ретінде "Ko, ko, Euro spoko" әні ойналатын болады. 

Әнді Польшаға кеңінен танымал "Рябина" фольклорлық ансамблі орындайды. Айта кетелік, топ құрамы 32-82 жас арасындағы әйел адамдардан құралған.

Бұл ән Еуро-2012 кезінде Польша құрамасының әрбір ойынының алдында ойналатын болады. Дегенмен бұл жаңалық жергілікті халықтың бәріне ұнап жатпағанға ұқсайды.

Мәселен, журналистерге сұхбат берген жанкүйер: "Бұл не деген сұмдық! Мен қайда жүрмін өзі? Әлемде джаз пайда болып, Моцарт пен Pink Floyd музыканың дәрежесін көтергеннен кейінгі біздің бұлайша төмен деңгейге түсуімізге не себеп?" - деп қапалы екендігін білдірді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/YtDhMzDkois&feature","width":"425","height":"350"});

сурет: vp.donetsk.ua