Дель Боскені қиындықтар күтіп тұр

Испания құрамасының бас бапкері Дель Боске Италияға қарсы өткен ойынан алған әсерімен бөлісті. 

"Талдау жасап, баға беруден бұрын айтқым келетіні - кез келген команда ұтылады. Италия үшін чемпионат жақсы өтті, бірақ Тьяго Моттаның жарақаты (италиялықтар қалған 28 минутты он ойыншымен өткізді) түпкілікті түрде ойыннан шиеленісті алып тастады. Біз жақсы ойын өткердік, есепті де аштық. Италиялықтар да қарап қалмады, өз кезегінде жауап беруге тырысты. Алайда, екінші ретте тағы есеп аштық... Бұл - тарихи жетістік. Енді Бразилияға баратын кваливикацияны ойлауымыз тиіс"- деп УЕФА-ның арнайы сайтына берген сұхбатында көңіл-қуанышын жасырмады. 

"Ойыншылардың ұлы буыны. Олар футболдың пайым-парасатына бара алатын елде туылғандықтан да қалай ойнау керектігін түсінеді. Испания футболының өркендеу уақыты. Луис Арагонес Венадағы финалмен бізге жол көрсетіп берді. Алайда алдымыздағы қиындықтар да аз емес: әлем чемпионатының кваливикациясы, біздер Еуропаның атынан шығатын конфедерация Кубогы. Біз жетістікке жеткіміз келеді" - деп айта кетті. 

"Біз үздік ойын үлгісін көрсеттік, бірақ, италиялықтарды жете бағаламау жөн болмас - олардың жай ғана жолы болмады. Бәрі біздің пайдамызға шешілді. Италия он ойыншымен қалды және бір күн кеш демалды. Соған қарамастан ойынға енгісі келді. Бірақ қадамдары сәтсіз аяқталып жатты. Біз бірнеше жылдар бойына еш өзгермеген ойын мәнерімен ойнадық. Үш бірдей титулды қатарынан иелену - практика жүзінде мүмкін емес. Мен ешқашан жеңіске жете беретін бапкер болуды армандаған емеспін. Жай ғана өз ойыншыларыма бір нәрсе үйретуге тырыстым. Және бұл жұмыс маған ұнайды" - деді Дель Боске. 

Сурет:soccer.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт