- Негізгі бет
- Еуро-2012
- Бүгін Донбасс-Аренаны әскери...
Бүгін Донбасс-Аренаны әскери ұшақтар күзететін болады
Бүгін Еуро-2012 чемпионаты аясында Донецкіде Англия мен Франция құрамаларының арасында ойын өтетіндігі белгілі. Осы орайда қала көшелеріндегі тәртіпті күзету үшін елдің басқа қалаларынан да қосымша жол полиция бригадалары тартылды.
Автоинспекция жүргізушілерді тәртіпті сақтап, жол бойында мәдениетті болуға шақырды. Және Донбасс-Арена маңындағы тұрғындардың стадионда уақытында болу үшін үйлерінен ертерек шығуын өтінді.
Сонымен қатар матчтың қауіпсіздігін екі СУ-27 жойғыш ұшағы қамтамасыз ететіндігін айта кетелік. Ұшақтар қазір Краматорскідегі әскери аэродромда тұр. Подполковник, СУ-27-нің ұшқышы Александр Оксанченко журналистерге берген сұхбатында: "Біздің ұшқыштар Донецкіні, Донбасс-Аренаны қала маңындағы Краматорскі аэродромынан қорғауға алатын болады. Ұшу биіктігі - 7000-7500 метр", - деді.
Сонымен қатар, бүгін Украина құрамасы Швеция құрамасымен кездесіп, ЕУРО-2012-дегі алғашқы матчын өткізетіндігін естеріңізге сала кетелік.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: avsimrus.com