Марио Балотелли Испания құрамасына қарсы өтетін финалдық ойында төрт гол соғуға тырысатындығын хабарлады.
"Бүгін осы жерде шешем болды - мен екі гол соқтым, финалға әкем келеді - төрт гол салғым келеді. Ең үздік мергендік атақ үшін? Жоқ, мен әлі бұл туралы ойланғаным жоқ. Тағы да гол соққым келеді. Дегенмен, үмітке орай Италия финалда жеңіске жетеді. Менің голым арқылы немесе... - бастысы бұл емес"- деді Балотелли.
Ойыншының тағы бір айта кеткені, бапкер ауыстырғысы келгенде еш таңғалмағаны. "Ауырлықты сезіндім. Бұл құрысу болатын. Сол үшін де бапкерге бес минут күте тұру керектігін, болмай бара жатса, ауыстыратынын айтқам. Бірақ, бапкер алаңнан қазір кету керектігін айтты. Бәрі де жақсы, бұл турасында ешқандай қиындық жоқ" - деп ағынан жарылды.
Финал 1 шілдеде Киев қаласында өтеді. Ал немістер мен португалдықтар қола жүлдеге қанағат тұтты.
Сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт