Англияға өзі келген жеңіс

Англияға өзі келген жеңіс

Англия - Украина 1:0

Гол: Руни, 48

Англия: Харт, Джонсон, Терри, Лескотт, Э. Коул, Милнер (Уолкотт, 70), Джеррард, Паркер, Янг, Руни (Окслейд-Чемберлен, 87), Уэлбек (Кэрролл, 83)

Украина: Пятов, Гусев, Хачериди, Ракицкий, Селин, Тимощук, Гармаш (Назаренко, 78), Ярмоленко, Коноплянка, Милевский (Бутко, 77), Девич (Шевченко, 70)

Ескертулер: Джеррард, Э. Коул - Тимощук, Ракицкий, Шевченко

Стадион: «Донбасс-Арена» (Донецк)

Төреші: В. Кашшаи (Венгрия)

Украина жұртшылығы, бүкіл әлем, футбол сүйер қауым тамаша футбол спектакліне куә болды. Топтан шығу жолында жеңіске жетудің күре жолын іздейтін украиндықтар мен футболдың Отаны саналатын ағылшындықтар Донбасс-Арена стадионында кездесті.

Венгрлік төрешінің ысқырығы берілуі мұң екен, Блохин баптаған, жұрт жақтаған украиндықтар қарсы қақпаға лап қойды. Онысы түсінікті де еді. Туған жердің төсінде болып отырған Еуропа чемпионатында топтық кезеңнен өте алмау деген қай команда ойыншысы үшін сын емес пе?! Ендеше, украиндықтарды түсінуге болады. Бірақ, футболдың аты - футбол. Мұнда бәрі болады. Оған дәлел кешегі ресейліктер..., күтпеген жерден демей-ақ қояйық, соңғы ойынға дейін үмітін тайдырмай келген гректердің топтық кезеңнен өтіп кетуі, тағысын тағы толып жатқан футболда болатын немесе орын алатын драмалық көріністер.

Сонымен бұл ойын несімен ерекшеленді. Біріншіден, доптағы, алаңдағы басымдылықты иеленген украиндықтар болды. Сәт сайын қарсы қақпадан саңылау іздеп көрген Блохиннің шәкірттері алғашқы минуттардан-ақ гол соғуға тырысты. Өз кезегінде ағылшындықтар да есе қайтарар деп ойлап едік, жоқ міз бақпай қорғаныстан аттап баспай қойды. Шабуыл шебінде жүрген жалғыз Руни бір жолы ғана тамаша мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Енді, екі бірдей ойынға шеттетілген "Манчестер Юнайтед" ойыншысының бұл қылығы түсінікті еді. Бірақ, Еуропадағы ең үздік шабуылшының екінші мүмкіндікте мүл кетпейтіні тағы түсінікті болатын.

Украиндықтардың ойынын жүргізген, әр берген Коноплянка мен Ярмоленко болды десек қателеспейміз. Әсіресе, Коноплянканың ойыны. Жалғыз өзі ағылшындықтарды қанша мәрте састырды. Тек тәжірибе жетіспеді демесеңіз, ойынға керек барлық қырынан танылды.

Ойын өстіп бір бағытта жүріп жатқан-ды. Кезек ағылшындардың қарымта шабуылына келді. Қай жолғыдай Джеррард қапталдан сытылып өтіп, қақпа алдына пас тастап үлгерді. Допқа бірінші жеткен Пятов артық қимылға барды. Жартылай соққы екенін бағамдап үлгермесе керек, ала допты қолынан шығарып алды. Ал осы кезде қақпаның жақын маңынан Руни табылып, иесіз қалған қақпаны сансыратып кетті. Есеп:1:0.

63-минуттағы Девичтің кезекті бір соққысын есепке алмасақ, ойын алаң ортасында тартыспен аяқталды. Көпшілікті таңғалдырған ағылшындықтар көп нәрсеге күмәнмен қарау керек екендігін танытты. Ал украиндықтар болса намысты қолдан бермеу жолындағы ойында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.


Сурет:newsil.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига